К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет153/159
Дата16.10.2023
өлшемі7,04 Mb.
#116057
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159
Байланысты:
Ярочкина-Электр-техника-негіздері.-Оқулық

БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 
Жылытқыш қҧралдар жҧмыстарының қауіпсіздігі қалай қамтамасыз 
етіледі?
Электропештің әрекет ету принципі неде?
Тҧрақты ток кӛзін пайдалана отырып электрдоғалы пісіруді жҥргізуге 
бола ма?
Электр тогының жылулық әсерімен жҥргізілетін электрдоғалы 
пісірудің қандай тҥрлерін білесіз? 


8.3.2. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН 
ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ӚНДІРІСТЕ ҚОЛДАНУ 
Тҥсті металдар металлургиясында және химиялық ӛндірісте 
электрохимиялық процестер кеңінен пайдаланылады. Және ең алдымен, мыс, 
никель, қорғасынды тазарту, алюминий, цинк, магний, сутек, хлор және басқа 
да химиялық заттардың қатарын алу ҥшін қолданылатын электролиз процесі 
пайдаланылады.
Электролиз маңыздылығы электролиттен ол арқылы тҧрақты ток 
жҥріп ӛткенде заттегі бӛлшектерінің бӛлініп шығуы мен оларды 
электродтарда тҧндыру (бҧл процесс экстракция деп аталады) немесе 
заттектерді бір электродтан электролит арқылы басқа электродқа 
тасымалдауға (электродиттік тазарту) келіп тіреледі.
Сондай-ақ, электролиз анод материалдарынан немесе электролитте 
ерітілген жалғаулардан жасалған металл қаптамаларды катод ретінде қызмет 
ететін тетік бетіне жалату ҥшін де кеңінен қолданылады (хромдау, 
қалайылау, никельдеу және т. б.). Мҧндай процесс гальваностегия деп 
аталады.
Электрохимиялық процестер матрицалар атауын алған бҧйымдардан 
металл 
кӛшірмелерді 
алу 
ҥшін 
қолданылады. 
Мҧндай 
процесс 
гальванопластика деп аталады. Гальванопластика полиграфияда кең 
қолданысқа ие болды. 
Электролиз қҧбылысы тетіктер беттерін ластанудан олардан жҧқа 
беттік қабатты алу жолымен тазартуда (ӛңдеуде) қолданылады. Ӛңдеу 
объектісі ретінде анод қызмет етеді.
Электрхимиялық процестерді тҥсті металлургияда алюминий ӛндірісі 
ҥшін кеңінен қолданады. Алюминийді алу процесі А12О3 глиноземін 
ыдыратуға келіп тіреледі. Бҧл ретте катодта алюминий, ал анодта оттегі 
бӛлінеді. Дегенмен, глинозем балқудың жоғары температурасына (2 050 °С) 
ие және электрӛткізгіш емес. Сондықтан, оны Na3AlFe балқытылған 
криолитте ерітеді.
Алюминий оксидінің криолитпен қоспасы балқудың тӛменірек 
температурасына ие (950 °С) және алюминийді алу ҥшін электролит ретінде 
қызмет етеді. Замануи электролизерлер алюминийді алу ҥшін 7 000 — 10 000 
А/м2 анодтағы ток тығыздығында тҧрақты токта жҧмыс істейді. Ток 
тығыздығының одан артуы кезінде ваннадағы кернеудің тӛмендеуі мен 
электр энергиясының меншіктік шығынының артуына әкеліп соғатын 
қосалқы реакциялар кҥшейе тҥседі. 
Алюминий ӛндірісі ең кӛп энергия сыйымдылығы процестердің бірі 
болып 
табылады. 
Ӛнеркәсіптік 
электролиз 
қондырғылары 
электр 


энергиясының ірі тҧтынушыларына жатады. Олар желіден созылмалы уақыт 
кӛлемінде белсенді қуат тҧтынады. Қондырғылардың іске қосу режимдері 
бірнеше ондаған сағаттар кӛлемінде кернеу мен қуаттың бірқалыпты 
артуымен сипатталады. Осындай жолмен, электрмен жабдықтау жҥйесі ҥшін 
қиындықтар туындамайды. Ӛнеркәсіптік электролиз қондырғыларының қуат 
коэффиценті 0,92-ден тӛмен болмауы тиіс. 
Сондай-ақ, металл қаптамаларды вакуумдық тозаңдау жолымен алады. 
Бҧл әдіспен бейметалл бҧйымдарда металл қаптамаларды алуға болады. 
Ваккумдық тозаңдау радиоэлектрондық ӛнеркәсіпте конденсаторлар, баспа 
тақташалардың интегралды микросхемалары және т. б. ӛндірісі ҥшін кең 
қолданысқа ие болды. 
Электрохимиялық ӛндірісте электролиз және электргальваника 
кӛмегімен электр энергиясын химиялық энергияға тҥрлендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет