тӛменірек болып келеді. Дегенмен, айнымалы токты тҥсті металдарды пісіру
және болаттардың кейбір маркаларын пісіру ҥшін пайдалануға болмайды.
8.12-сурет. Электрдоғалы пісіру схемасы:
1 — доға; 2 — арнайы электрод; 3 — пісірілетін тетік
Тҥйіспелі электрлік пісірудің келесі тҥрлері бар: тҥйіспе, нҥктелік
және аунақшалы. Нҥктелік және аунақшалы (тігісті) пісіру токтың
бірполярлы импульстарымен қуатталған тҥйіспелі машиналарда жҥргізіледі.
Пісірілетін тетіктерді тҥйіспелі машина электродтары арасында
орнатады, тығыздап қысады және токты қосады. Тҥйіспе орнында металл
балқиды және пісіру нҥктесі пайда болады, аунақшалы пісіру кезінде
дайындамаларды аунақшалар арасында орнатады. Аунақшалардың айналуы
кезінде оларға импульспен ток қосылады.
Жоғары сапалы нҥктелік пісіруге ток импульсінің нақты амплитудасы
мен ҧзақтығы кезінде қол жеткізіледі.
Электрлік энергияның жылу энергиясына тҥрленуі тҧрмыста (ҥтіктер,
электржылытқыштар, электрлік тақталар және т. б.) және ӛндірісте
(индукциялық және электрдоғалы электрлік пештер, пісірудің электрдоғалы,
тҥйіспелі және т. б. тҥролері) кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: