Турбогенераторлар айналымға тез қозғалушы бу немесе газдық
турбиналармен келтіріледі және қҧрылымдық тҥрде айқын емес
полюстермен орындалады. Ондағы білік кӛлденең орналасқан.
Механикалық беріктік шарттары бойынша ротордың диаметрі 1-1,5 м
ӛлшеммен шектелген. Ротордың шекті ҧзындығы 7,5 — 8,5 м; ол мҥмкін
болатын біліктің майысуымен шектелген. Турбогенераторлардың
қуаттылығы – 800-1200 МВт.
Гидрогенераторлар айналымға айналу жиіліктері 50-500 айн/мин
қҧрайтын гидравликалық турбиналармен келтіріледі. Генераторлар
полюстер кӛп санымен және айқын полюсті роторлармен орындалады.