Дизель-генераторлар айналымға іштен жану қозғалтқыштары арқылы
келтіріледі. Оларды біліктері кӛлденең орналасқан айқын полюстілерден
жасап шығарады. Мҧндай генераторлардың қуаттылығы 100-ден 1500
айн/мин дейін айналу жиілігінде бірнеше киловольт-амперден бірнеше
мегавольт-амперге дейін жетеді.
Айқын емес полюсті синхронды машина
негізінен
жылу
электрстанцияларында генератор ретінде қолданылады және айналымға
айналу жылдамдығы 3000 айн/мин болатын бу турбинасымен келтіріледі
(50 Гц жиілікте).
Есте сақтаңыздар!
■
Синхронды машинаның роторы айқын және айқын емес полюсті
болады.
■
Синхронды генераторларды электрстанцияларында электр энергиясын
жасаушы негізгі қҧрылғылар ретінде қолданады және оларды турбо,
гидро және дизель-генераторлар деп жіктейді.
БАҚЫЛАУ СҦРАҚТАРЫ 1.
Синхронды машиналардың асинхрондылардан қандай принципиалды
айырмашылығы бар?
2.
Синхронды машиналарда қайтарымдылық принципі бар ма?
3.
Синхронды генератор жҧмыс принципінің мәні қандай?
4.
Айқын полюсті және айқын емес полюсті синхронды машиналар
қалай қҧрастырылған?
5.
Синхронды машина роторының айналу жиілігі қандай параметрлерге
тәуелді?