К., Искакова Ж. М



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата07.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#20184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Рахимбаева-Учебник-ТҮРКІ-ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

Татар мақал-мәтелдерінен: 
Әр істің ұстасы бар, 
Әр ұстаның ұстазы бар. 
Жаңа жеңеді, ескі өледі. 
Былтырғы іс- біткен іс.  
                                              


33 
 
ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ 
(1886-1913) 
 
Ғабдолла 
Тоқай 
– 
татар 
реалистік 
әдебиетінің 
негізін 
қалаушылардың бірі, атақты ақын, дарынды публицист. 
Тоқай әдебиет әлемінде татар халқының бостандығы мен тәуелсіздігі 
жолындағы  жалынды  күрескер  ретінде  келді.  Ақынның  «Бостандық 
туралы»  (1905),  «Арамтамақтарға»  (1906),  «Мемлекеттік  Думаға»  (1906) 
деген  жырлары  кезінде  татар  зиялыларына  ой  салған  елеулі  құбылыс 
болды.  
Ол қоғам қайраткері, публицист ретінде Қазан қаласындағы алғашқы 
сатиралық  баспасөз  органы  –  «Яшен»,  («Жасын»)  журналын  шығарған 
(1908),  сондай-ақ  ол  демократиялық  бағыт  ұстанған  жастардың  «Әл-
Ислах»  газетінде  (1905-1909),  «Ялт-йолт»  («Жалт-жұлт»)  журналында 
қызмет істеді. 
Ақынның  қоғам  өміріндегі  кемшіліктерді  өлтіре  сынаған  өлеңдері 
негізінен  осы  аталған  газетте  жарияланған.  Мұнда  ол  татар  халқын  оқу-
білімге  үндеді,  адам  бойындағы  жаман  мінез-құлықты  сынады.  Бұған 
ақынның  лирикалық,  сатиралық  өлеңдері,  хикаялары  мен  поэмалары 
дәлел.  
Ақынның  «Татар  қыздарына»  (1906),  «Туған  жерім»  (1907),  «Сүтке 
түскен  тышқан»  (1907),  «Шындық  пен  өтірік»  (1908),  «Көңіл  жұлдызы» 
(1909),  «Өмір  жолында  күресушілерге»  (1910),  «Махаббатқа  түсінік» 
(1912),  т.б.  көптеген  өлеңдері  татар  әдебиетін  түр  жағынан  да,  мазмұн 
тұрғысынан да байыта түсті. 
Ғ.Тоқайдың  хикаялары  мен  поэмалары  да  («Өлеңмен  жазылған 
кішкене бір хикая», «Пішен базары яки жаңа кескен бас», «Үш ақиқат») ел 
арасына кең тарап, мәшһүр болған.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет