К., Искакова Ж. М



Pdf көрінісі
бет7/37
Дата07.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#20184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
Рахимбаева-Учебник-ТҮРКІ-ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

 
 


34 
 
ТҮРКІМЕН ӘДЕБИЕТІ 
 
Түркімен  халық  ауыз  әдебиеті  –  эпостық  шығармалар  мен 
ертегілерге мейлінше бай болып келеді. Түркімен фольклорында кең орын 
алған салалардың бірі – Шығыс классик поэзиясының дәстүрлі сюжеттері 
(«Ләйлі-Мәжнүн»,  «Жүсіп  пен  Зылиха»,  «Ғариб  пен  Санам»,  «Көроғлы», 
«Тахир  мен  Зухра»,  т.б.)  бойынша  нәзира  үлгісімен  тың  дастандар  жазу 
деуге болады. 
Түркімен  жазба  әдебиетінің  алғашқы  ірі  өкілдері  Бурхониддин 
Сивосий мен Саид Насмий (XIV ғасыр) шығармаларында өсиет-уағыз айту 
сарыны басым еді. 
Бұдан  кейінгі  дәуірлерде  өмір  сүрген  Хилали  Чағатай  (XIV  ғасыр), 
Бархудар  Түркмен  (XVII  ғасыр)  сияқты  түркімен  ақындары  өз  жырларын 
сол дәуірдің әдебиет дәстүріне сәйкес парсы тілінде жазды.  
Дегенмен, түркімен классикалық әдебиетінің өркендеп, өскен кезеңі 
негізінен XVIII-XIX ғасырлар болды. Бұл кезде өзара қырықпышақ болып 
қырқысып жатқан түркімен ру-тайпаларының басын қосып, бір орталыққа 
бағынатын қуатты мемлекет құру міндеті тұрды. 
Міне,  осы  ел  бірлігі  мәселесін  XVIII  ғасырда  өмір  сүрген  Андалиб 
және  Азадий  сияқты  ірі  ақындар  жырлады.  Олар  өздерінің  Шығыстық 
сюжетке жазылған дастандары арқылы түркімен халқын ынтымақ-бірлікке 
шақырды. Мәселен, өзбек шайыры Әлішер Науаи жазған «Ләйлі-Мәжнүн» 
тақырыбына  түркімен  ақыны  Ғариб  Андалиб  елді  бірлікке  үндейтін 
ғажайып дастан шығарды. 
Түрікпен  әдебиетінде  ақындар  айтысының  жазбаша  түрі  ертеректе 
кең өріс алған еді. Мәселен, Мақтымқұлы мен Дурду Шаһир (XVIII ғасыр) 
арасындағы, Сеиди (1775-1836) мен Зелелий (1795-1850) арасындағы жазба 
айтыстардың қоғамдық-әлеуметтік мәні зор еді. 
Түркімен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі – Мақтымқұлы 
Фраги (XVIII ғасыр) болды.  
Молла  Непес  Қадырбердіұлы  (1810-1862)  –  түркімен  халқының 
атақты  ақыны  және  көрнекті  музыканты.  Ол  лирик,  әрі  эпик  ақын. 
Ақынның  «Іздеп  келем  сүйген  жарды»,  «Көздерің»,  «Қыз»,  «Аңсау»,  т.б. 
лирикалық өлеңдері күні бүгінге дейін халық арасында әнге салынып жиі 
айтылады.  
Моллас  Непес  –  Шығыс  классикалық  поэзиясының  нәзира  дәстүрін 
түркімен поэзиясында зор шеберлікпен дамытқан ақын. 
Бұған  Молла  Непестің  «Таһир  мен  Зухра»  және  «Келмек  ем» 
дастандарында  адам  бойындағы  ізгі  қасиет  –  махаббатты  зор  шабытпен 
жырлайды.  Ақын  оқырманын  адамгершілікке,  ізгілікке,  мейірімдікке, 
достыққа, ынтымақ-бірлестікке үндейді. 


35 
 
Кемине (1770-1840) – түркімен халқының сатирик ақыны Ақын адам 
бойындағы  жағымсыз  мінез-құлықты,  тәкәппарлықты,  жалқаулықты, 
сараңдықты,  дөрекілікті,  қанағатсыздықты,  мақтаншақтықты,  т.б.  өлтіре 
сынайды.  «Кедей»,  «Қазына»  деген  өлеңдерінде  ел  басқарған  әкімдердің 
қатыгездігін, надандығын әжуа етеді.  
Түркімен әдебиеті – эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше 
бай  болып  келеді.    Түркімен  фольклорында  кең,  орын  алған  салалардың 
бірі  Шығыс  классик  поэзиясының  дәстүрлі  сюжеттері  («Ләйлі-Мәжнүн», 
«Жүсіп пен Зылиха», «Ғариб пен Санам», «Көроғлы», «Такир мен Зухра», 
т.б.) бойынша Нәзира үлгісімен тың дастандар жазу деуге де болады.  XVI 
ғасырда  бірнеше  шығармалардан  (12  жыр)  құрастырылған  «Китаб  Дәдәм 
Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ 
бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері 
(шаманизм  мен  қоса  ислам  діні)  және  Кавказ,  Азия  елдерінің  эпостық 
дәстүрлері  бейнеленген.  Оның  сюжеттік  элементтері  «Кероглы» 
(«Көрұғлы», XVI ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (XVI ғ.), 
Мырза  Бархудар  Түркмен  (XVII  ғ.)  т.б.  ертедегі  Түркімен  ақындары 
шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын 
шағатай  тілінде  жазды.  XVIII  ғасырдың  2-жартысынан  XX  ғасырдың 
басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм 
сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды.  
Түркімен  жазба  әдебиетінің  алғашқы  ірі  өкілдері  Бурхониддин 
Сивосий  мен  Саид  Насмий  (XIVғ.),  Бархудар  Түркмен  (XVII  ғ.)  сияқты 
түркімен  ақындары  өз  жырларын  сол  дәуірдің  әдебиет  дәстүріне  сәйкес 
парсы тілінде жазды.  
Дегенмен, түркімен классикалық әдебиетінің өркендеп: өскен кезеңі 
негізінен XVIII-XIX ғасырлар болды. Бұл кезде өзара қырықпышақ болып 
қырқысып жатқан түркімен ру тайпаларының басын қосып, бір орталыққа 
бағынатын қуатты мемлекет құру міндеті тұрды.  
Міне,  осы  ел  бірлігі  мәселесін  XVIII  ғасырда  өмір  сүрген  Андалиб 
және  Азадий  сияқты  ірі  ақындар  жырлады.  Олар  өздерінің  шығыстық 
сюжетке жазылған дастандары арқылы түркімен халқын ынтымақ-бірлікке 
шақырды. Мәселен, өзбек шайыры Әлішер Науаи жазған «Ләйлі-Мәжнүн» 
тақырыбына  түркімен  ақыны  Ғариб  Андалиб  елдегі  бірлікке  үндейтін 
ғажайып  дастан  шығарды.  Түркімен  әдебиетінде  ақындар  айтысының 
жазбаша  түрі  ертеректе  кең  өріс  алған  еді.  Мәселен:  Мақтымқұлы  (XVIII 
ғ.)  мен  Дурды  –  Шаһирдің,  Мақтымқұлы  –  Сеиди  (1775-1836)  мен 
Зелилидің  (1795-1850)  жазбаша  айтыстары,  Мискинклычтың  (1847-1906) 
өлеңдер  циклі  Түркімен  әдебиетінің  жетіліп  келе  жатқандығын  көрсетті. 
Мақтымқұлы  әдебиеттегі  жаңа  бағыттың  негізін  қалады.  Ол  Түркімен 
әдебиетінде  тұңғыш  рет  өлеңнің  «гошпа»  (төрттаған)  түрін  жазып,  аруз 
өлшемін  қолданды.    XIX  ғасырда  түркімен  лирикасының  белгілі  өкілі 
Молланепес  (1810-62)  шығыс  сюжеті  негізінде  «Таһир  мен  Зуһра» 
дастанын  жазды.  Кемине  (Мәмедәлі,  1770-1840),  Байрам  Шаһир  (1871-


36 
 
1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-
1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.   
 
Кеңес  дәуіріндегі  түркімен  әдебиетінің  алғашқы  үлгілері 
Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, 
«Байлар»,  1924,  «Кедейлер»,  1924),  Буруновтың  («Құттықтаймын»,  1925) 
шығармалары  болды.  Берді  Кербабаевтың  «Әдет  құрбандығы»  (1932), 
Аман-Дурды  Аламышевтың  (1904-43)  «Сона»  (1932)  т.б.  шығармалары 
әйелдер  теңдігіне  арналды.  1925  ж.  Якуб  Насырлының  (1899-1958)  «25 
жылдан  соң»  повесі  шықты.  20  жылдардың  2-жартысында  Б.  Кербабаев 
пен  Ағахан  Дурдыев  (1904-47)  жаңа  тақырыпта  прозалық  шығармалар 
жазды.  Т.  әдебиетінде  тұңғыш  рет  Ата  Қаушутовтың  (1903-53)  «Қанды 
орман»  (1929),  Б.  Кербабаевтың  «Тирьякеш  пен  Табиб»  (1927)  пьесалары 
жарық  көрді.  30  жылдары  А.  Кекілов  (1912-74),  Ч.  Аширов  (1910  ж.т.), 
Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына 
арналған  шығармалар  жазды.  Проза  өркендеп,  Хыдыр  Дерьяевтің  (1905 
ж.т.)  «Қанды  шеңгелден»  (1937),  Б.  Кербабаевтың  «Айна  мен  Артық» 
(1936)  рев.  тарихи  романдары  жарияланды.  Қысқа  әңгіме  жанры 
қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.  
1934  жылы  жазушылар  одағы  құрылды.  Түркімен  әдебиетінің 
творчествалық  әдісі  социалистік  реализм  болды.  1928  жылдан  «Совет 
әдебиеті»  журналы  шығып,  Түркімен  совет  әдебиетінің  дамып 
қалыптасуына  ықпалын  тигізді.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Ш. 
Кекіловтің  «Иван  ағай»  (1942),  Б.  Сейтақовтың  (1914  ж.т.)  «Қуғындағы 
қыз»,  Я.  Насырлының  «Ерлік»  (1942),  Б.  Кербабаевтың  «Құрбан-Дурды» 
(1943) поэмалары  т.б.  жарияланды.  50 жылдары Түркімен әдебиетіне Ата 
Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 
ж.т.),  Шахер  Боржақов  (1929  ж.т.)  т.б.  жас  әдебиетшілер  келді.  Гусейн 
Мұхтаровтың  (1914  ж.т.)  «Алланың  семьясы  немесе  семьяның  намысы» 
(1951  ж.  қойылды),  «Күміс  портсигар»,  Қ.Сейтлиевтің  «Жақан» 
пьесаларында  жаңа  еңбек,  интеллигенттер  өмірі  көрсетілді.  Б.  Кербабаев 
«Алып  адым»  эпопеясының  2-3  кітаптарын  (1947),  «Ғажайыптан 
туылғандар»  (1965)  романын  жазды.  60-70  жылдары  прозада  Бердіназар 
Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара 
керуен»  (1971),  А.  Атажановтың  «Кремни»  (1971),  Б.  Сейтақовтың 
«Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) 
романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) 
т.б. повестері мен әңгімелері басылды.  
Түркімен  әдебиетінен  Б.Кербабаевтың  «Ақ  алтынды  аймақтың 
Айсолтаны»  (1952)  повесі,  «Алып  адым»  (1-2-кітап,  1962-63)  романы, 
Мақтымқұлының  «Таңдамалы  өлеңдері»  (1947,  1959,  1960),  «Түркімен 
жырлайды»  (1963),  «Түркімен  әңгімелері»  (1969)  атты  жинақтар  т.б. 
шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.   


37 
 
Мақтымқұлы (шын аты, лақап аты – Фрачи, т.-ө.ж. белгісіз) – 18 ғ-да 
өмір  сүрген,  түркіменнің  классик  ақыны.  Азади  Дәулетмамбет  ақынның 
баласы.  Мақымқұлы  ауыл  мектебінде,  кейін  Хиуадағы  Шерғазы 
медресесінде оқыған. Орат Азия, Азербайджан, Иран халықтарының ауыз 
әдеиеті  нұсқаларының  жастайынан  бастпа,  жатқа  білген.  Оның 
поэзиясындағы  өзекті  тақырып  –  адамгершілік,  өлеңдерінде  халықты 
бірігуге,  ру  ала  алауыздағын  жоюға  Иран  шаһы  мен  Хиуа  ханы,  Бұхара 
әмірі  сияқты  басқыншыларға  қарсы  күреске,  ерлікке  үндейді.  («Керекті», 
«Ер»,  «Болмаса»  т.б.)  ел  ішіндегі  бек,  қазылар  мен  молдаларды,  жол 
Қаулық  пен  тоғымарлықтың  сынайды  («Түркімен»  т.б.)  Мақтымқұлы 
бұхара  халық,  туған  ел  туралы  толғаулары  арқылы  озық  ойлы  философ 
ақын ретінде де көзге түсті. әдет-салт хақында жаңа гуманистік мәселелер 
көтерді.  («Тау  санар»,  «Қарамас»,  «Кетіп  барады»,  «Болмаса»  т.б.). 
Мақтымқұлы жырлары – халық даналығынан, ауыз әдебиетінен нәр алған 
жаңа  үлгідегі  поэзия.  Ол  араб-парсы  поэзиясы  үлгісін  (арузды) 
қабылдамай,  халық  өлеңінің  өлшемін  падаланды.  өлеңдерін  халықытық 
тілмен жазды. Мақтымқұлы  шығармалары халық арасына кең тараған. 18 
ғ-да  оның  бірсыпыра  өлеңдерін  Ф.Шопенинг  пен  А.Ходза  (1842), 
Г.Вомберн  (1863).  Батыс  Европада  жарияланды.  М.шығармалары  қазақ 
тілінде шықты. 
1861  жылы  өзінің  Қазан  қаласындағы  досы,  тарихшы-этнограф 
А.И.Артемьевке жолдаған хатныда орыстың атақты жазушысы Салтыков-
Щедрин былай деп жазады:  
«Осынау  талантты..  .  Фрачи  маған  шығыстың  Шиллері  сияқты 
болып көрінеді. Мен осы Александр Сергеевичпен (Пушкин туралы) қатар 
қоюдан қорықпаймын. Оның творчествосына ірі баға беру үшін арабшадан 
жасалған азғантай үзіндіге сүйсіну мүлде жеткіліксіз. Солай бола тұрса да, 
Мақтымқұлы мен үшін аса үздік талант екені күнәнсіз».  
Мақтымқұлы  шығармаларына  чуваш  әдебиетшісі,  тарихшы 
Спиридон Михайлов та, татар жазушысы Қапан Насыри де сүйсіну сезімін 
білдірген.  Кейбір  мәлеметтерге  қарағанда  Мақтұмұлы  поэмаларынжа 
Л.Н.Толстой да ықылас аударған.  
Қазақ  арасына  Мақтымқұлы  есімі  ертеден  мәлім  дей  аламыз. 
Туысқан  түркімен  халқының  ұлы  ақыны  ойшылы,  түркімен  әдебиетінің 
классигі  Мақтымқұлы  ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүріп  өткен  ақын.Оның 
өмірбаянын  зерттеуші  адамдардың  айтуына  қарағанда,  Мақтымқұлының 
әкесі Дәулетмәмбет. Азади деген кісі өз тұсында атақты ақын, ғалым болғн 
көрінеді. Солай болғандықтан, Мақтымқұылының өлең-сөзге бола күнінен 
үйір болып өсуі әдбен мүмкін нәрсе.  
Мақтымқұлының  ақындыққа  неше  жасынан  бастап  араласқанын 
дәлме-дәл айту қиын. Дегенмен, ол қалдырып кеткен мұра сан жағынан да, 
сапа жағынан да ауыз толарлықтай. Мақтымқұлы жазған өлең сондай екен. 
Бұл  шығармаларының  ішінен  өлеңнің  әр  түрін  кездестіруге  болады: 
батырлық  жайын  айтатын  өлеңдер  лирикалық  философиялық,  сатиралық 


38 
 
өлеңдер,  өмірбаян  жайын  қозғайтын  өлеңдер,  публисцистикалық 
толғаныстар.  
Заманның озғын  ойлы,  данышпан  ақыны  өзінің  поэзиялық  шығ-нда 
туған  халқының  өмріні  кеңінен  қамтып,  мейлінше  толық  көрсетеді. 
Халықтық  тұрмыс-күйі,  туып  өскен  жерге  махаббаты  әділеттікті 
ақсауы,еркін  өмірге  құштарлығы  қанаушыларынан  өзіне  лайық  орын 
алады.  
Ол заман түркімен халқы үшін қытымыр, қиын заман еді. Ру алалыға 
күшті, өз мемлекеті жоқ түркімендердің бір бөлігін Бұхар хандығы билесе, 
енді бір бөлігін Хиуа хандығы билеп төстейтін. Бұлардың үстіне, түркімен 
халқына  Иран  шахтары  мен  байлары  да  көз  алартып,  қысым  көрсетіп 
отыратын.  
Түркімен  халқы  осындай  сыртқы  тепкімен  қабат.  өз  ішіндегі  хан, 
сұдтандардан да  көп  жапа,  шегіп,  азап  тартқан  шақ  еді.  Бірақ  бостандық, 
әділеттік сүйгіш халық соның бәріне қарсы аянбай алысты.  
Мақтымқұлы  туған  халқының  жаңағыдай  халге  ұшырағанын  өз 
көзімен  көрген  ақын.  Сол  ауыр  бейнетті  өзінің  де  бейнеті  санап,  зхалық 
қайғысына  ортақ  болған.  «Ол  өз  өміріне  қарап  халықтың,  халық  өміріне 
қарап өзінің өмірін көрген».  
Оның  поэзиясының  халықпен  бірге  өсіп  біте  қайнасуы,  өзінің 
таңдаулы  шығармаларында  еңбекші  халық  тұрмысының  реалистік 
суреттерін  шебер  беруі  Мақтымқұлын  шын  мағынасындағы  ұлы  ақын 
етеді.  
Ол  халық  қуатына,  ел  күшіне  әбден  сенген  адам.  Мұны  оның 
«Елімен»,  «Менімен»,  «Көздер»,  «Жар  керек»  сияқты  өлеңдерін  көріге 
болады. Бірқатар жырларында ол ер ірегі ел деген пікір айтады: 
Биік тауға бұлт төнсе
Сарқылады сел деген 
Ер басына іс келсе
Ақылдасар елменен!- 
Туған  жерді,  ел-жұртты  сүю  керек,  сол  үшін  қызмет  ету  керек,  сол 
үшін қызмет ету керек. Адам өмірінің мағынасы осы. Соны түсіну керек.  
Мақтымқұлының  жастарға  айтатын  ақыны  да  отаншылдық  сарында 
болып келеді: 
Ерлер өлер ел үшін 
Жанын қияр көп үшін. 
Ер жігітке ол үшін. 
Намыс керек, ар керек. 
Адам  елмен  адам.  Елсіз  оның  күні  жоқ  деген  идеяны  ол  бісыпыра 
өлеңдерінде  баса  айтады.  Мақтымқұлы  әділетсіздікке  қарсы  алысып, 
поэзиясын хандарға, бектерге қарсы қару етіп жұмсаған ақын. «Қалмады», 
«Бастады»,  «Бар  шығар»,  «Келмес  пе»сияқты  өлеңдері  осыны  аңғартады. 
«би  мен  бегі  жегіш,  парақор»  зұлымдықты  шеней  отырып,  ақыры  бір 
жақсылық келер деген үміт білдіреді.  


39 
 
Дүние сенің бір бұл емес келгенің
Қып-қызыл қан тістеріңді көрмегін. 
Құтшы үңгіген аясын сенің ермегің, 
Көңіл сергіп, жылаған бір күлмес пе? 
Әлдінің әлсізге, күштінің нашарларға озбырлық жасап, тізе көрсетіп 
жватқаны  көрген  ақын  қаламының  өткір  ұшын  озбырларға  қолдайды. 
«Қайда барсаң халық үстінде қолың сор» екенін айта келіп: 
Залымдардың жұртқа сырты қабарып
Қамшысынан қаны толы бастады,-  
деп зорлық-зомбылық дүниесінің өкілдерін суреттейді.  
Мақтымқұлы  жинағында  «айрылдым»,  «Сұлу»  сияқты,  жүрек 
түпкірінен  қайнап  шыққан,  нәзік  сезім  күйін  білдіретін  әдемі,  сыршыл 
өлеңдер де бар. Мақтымұлы шығарамалырндағы ақын Ғали Орманов 1947 
жылы  аударды.  Кейін  бірқатар  өлеңдерін  Ғафу  Қайырбековте 
қазақшалаған.  
 Түркімен жазба әдебиеті көне дәуірден басталады.  Ең көне үлгілері 
– Ғалидың ізгі махаббаты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) 
поэмасы  мен  авторы  белгісіз  діни-эпикалық  «Кесікбас»  («Кисекбаш») 
жыры,  «Сопыларға  өсиет»  атты  дидактикалық  шығарма  т.б.  сондай-ақ 
Алтын  Орда  дәуірінде  жазылған.  Құтбтың  (14ғ)  «Хұсрау  және  Шырын» 
(1342)  поэмасы  мен  Хорезмидің  «Махаббат  кітабы»(1354),беріректегі 
Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жолы» (1370) мен Мұхамедиярдың әр алуан 
поэмаларын  (16ғ.)  атауға  болады.  Феодализм  дәуіріндегі  татар  жазба 
әдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның 
өкілдері:  Мавля  Кули  (17ғ.2-жартысы),  Утыз  Имяни  (1754-1834), 
Шамсетдин  Заки  (1825-65)  және  т.б.  болды.  18  ғасырдағы  әдебиетте 
саяхатнамалар (Ғали Чокри, 1826-89) басым болса, 19 ғасырда діни мадақ 
өлеңдер, 
хат, 
әңгімелердің 
авторларымен 
қатар, 
Әбділманих 
Ғабдессалямов – Қарғалы (1782-1828), Ғабделжаббар Қандали (1797-1860), 
Мифтахетдин  Ақмолла  (1831-95),  Яков  Емельянов  (1848-99)  тәрізді 
татардың реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан бір топ 
ағартушы ақын-жазушылар әдебиет майданына келді.  
XIX ғасыр әдебиетінде мұсылмандық схоластикаға қарсы ағартушы-
демократиялық  бағыт  кең  өріс  алды.  Бұл  тұста  Әбунасыр  Курсави  (1776-
1818) бастаған антифеод. Күресті Шигабутдин Маржани (1813-89) одан әрі 
жалғастырадлы.  Каюм  Насыри  (1825-1902)  өзінің  әдеби,  ғылыми 
пед.еңбектерімен  ттардың  қазіргі  әдеби  тілінің  негізін  қалады.  Ақмолла, 
Загир  Бигеев  (1870-1902),  Ғадірахман  Ильяси  (1856-95),  Фатих  Халиди 
(1851-1923)  шығармаларында  адамгершілік,  ізгілік  пен  зұлымдық, 
надандықтың бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир 
Мұхаммедов (1865-1923) бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы әдебиетте 
революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы 
төтұсында  татар  төңкеріс  тілінде  газет,  журналдар  шыға  бастады,  әдеби-


40 
 
сын, революциялық публистицтика дамыды. Дәл осы тұста бүкіл халықтық 
демократиялық  қозғалысқа  Ғабдулла  Тоқай  (1886-1913),  Ғалымжан 
Ибрагимов  (1887-1938),  Мажит  Ғафури  (1880-1934),Ғ.Камал  (1879-1933), 
Ф.Амирхан  (1886-1926),  Ш.Камал  (1884-1942)  тәрізді  ақын,  жазушылар 
жігерлі  үн  қосты.  Рев.-демокр.  идеология  мен  либералдық-буржуазия 
күшейе  түсуі  пролет.әдебиеттің  тууына  жол  салды.  Бұл  жағдай  жазушы 
Ғ.Құлахметов  (1881-1918)  творчествосынан  айқын  көрініс  тапты. 
Әдебиетке  С.Рамиев  (1880-1926),  З.Ярмаки  (1890-1965),  Ш.Бабич  (1895-
1919), Мұхаммед Ғали (1893-1952), Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-
1928), К.Тинчурин (1887-1947) тәрізді ақын, жазушылар қосылды. Азамат 
соғысы  жылдары  әдебиет  майданына  Ш.Усманов  (1898-1937),  М.Мақсұт 
(1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), 
А.Шамов  (1901ж.т.),  Б.Рахмат  (1897-1957)  тәрізді  жауынгер  жазушылар 
келіп  қосылды.  Татар  кеңес  әдебиетінің  20-жылдардағы  туындылары 
Ғ.Ибрагимовтың  «Қызыл  гүлдар»  (1922)  повесі  мен  «Терең  тамырлар» 
(1928)  романында,  Ш.Камалдың  «Таң  сәріде»  (1927)  романы  мен 
Қ.Нажмидың  «Шұғылалы  соқпақ»,  «Күн  астындағы  жаңбыр»  (1930) 
повестреніде,  сондай-ақ  Ф.Бурнаш  (1898-1946),  Х.Туфан  (1900  ж.т.) 
шығармаларында  жаңа  өмірдің  жалынды  күрескерлерінің  бейнелері 
жасалып,  дәір  көріністері  эпикалық  сипат  алды.  30  жылдары  татар 
әдебиетінде соц.реализм қалыптаса бастады. Еңбек, ұжымдастыру, өндіріс 
тақырыбы  өз  шешімін  тапты.  Осы  тұста  Ш.Камалдың  «Жақсылық  пайда 
болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) «Мұхаджар» (1934), М.Амирдің 
(1907  ж.т.)  «Ақ  Еділ»(1936),  Ғ.Башировтің  (1901ж.т.)  «Сиваш»  (1937) 
роман,  повестері  жарық  көрді.  Бұл  кезең  әдебиетінен  адамның  рузани 
өмірін  филос.мәнмен  жырлайтын  А.Файдидің  (1903  –  58)  «Флейталар» 
поэмасы  мен  «Тоқай»  драмасы  елеулі  орын  алды.  Әдебиеттің  өзге 
жанрлары  да  даму,  өрлеу  үстінде  болды.  Комедия  жанрларында 
К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.) тәріздес жазушылар 
көзге  түсті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  көптеген  ақын,  жазушылар 
майданға  аттанып,  жауға  қарсы  күресте  қаламымен  де,  қаруымен  де 
қажырлы  еңбек  етті.  Мұса  Жалил,  Ф.Карим,  С.Хаким  (19911  ж.т.), 
М.Садри (1903 ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен 
Нәжми,  Ғази,  Х.Усманов  (1908ж.т.),  Т.Гиззат  (1895-1955).  Н.Исанбет 
(1900ж.т.) шығармалары соғыс жылдарының әдеби жылнамасына айналды. 
Мұса  Жалилдің  «Маобит  дәптері»  кейін  тарихи  өшпес  даңққа  бөленді. 
Соғыстан  кейінгі  дәіур  әдебиетінде  бейбіт  кезең  мен  коммунизм  орнату 
жолындағы қажырлы еңбек тақырыбы кең орын тепті. Бұл кезеңде қысқа 
әңгіме,  повестремен  қатар  эпикалық  туындылар  да  бой  көрсете  бастады. 


41 
 
Қ.Нәжмидің  «Ескек  жол»  немес  «Көктем  желі»  (1948),  Башировтың 
«Намыс»,  Абсалямовтың  «Ғазинұр»  (1953),  Ғазидің  «Ұмтылмас  жылдар» 
(1-3кіт.,  1949-66),  Әмірдің  «Таза  жаны»  (1-2бөл.,  1954-60)  мен  т.б. 
көптеген  туындыларда  замандас  бейнесі  жасалды.  Бұл  жайт  драматургия 
саласынджағы  Ишмұратовтың  «Дауылға  қарсы»  (1964),  Исанбеттің 
«Мұса», (1956), Әмірдің «Бостандық» (1960), Ш.Хұсайыновтың «Зүбайда – 
адамзат баласы» (1965), Х.Вахиттің (1918ж.т.) «Алғашқы махаббат» (1960) 
атты шығармаларынан да жақын көрініс тапты. Балалар әдебиеті дамыды. 
60  жылдары  И.Юзеев  (1933ж.т.),  Ш.Ғалиев  (1928  ж.т.)  Э.Мәліков 
(1921ж.т.),  С.Сүлейменова  (1926ж.т.),  Р.Файзуллин  (1943ж.т.),  Р.Харисов 
(1941ж.т.),  Н.Фатах  (1928ж.т.)  Э.Қасимов  (1930ж.т.),  Ю.Аминов  (1924), 
С.Шүкіров  (1918ж.т.),  Т.Минуллин  (1935ж.т.)  және  т.б.  көптеген  жастар 
келіп 
қосылды. 
Сын  мен  әдебиет  тану  ғылымы  да  өсіп  өркен  жайды.  Танымал  ақын, 
жазушылар  творчествосы  мен  әдебиет  тарихына  арналған  бір  топ 
монографиялар  жарық  көрді.  «Татар  совет  әдебиетінің  тарихы»  жазылды 
(1965).  Бұл  іске  Х.Усманов  (1908ж.т.),  М.Ғайнуллин  (1903ж.т.),  Ғ.Халит 
(1915  ж.т.)Б.Ғиззат  (1918ж.т.),  Ғ.Кашшаф  (1907ж.т.),  Х.Хайри  (1910ж.т.), 
Р.Бикмұхамедов  (1928ж.т.),  Н.Юзеев  (1931  ж.т.),  Р.Мұстафин  (1931ж.т.) 
және  басқалар  қатысты.  Татар  әдебиетінен  қазақ  тіліне  Ғ.Тоқайдың 
«таңдамалы  шығармалары»  (1952,1975),  «Жезтырнақ»  (1957),  «Шөрәлі» 
(1966) атты жинақтары, Ғ.Ибрагимовтың «терең тамырлар» (1936), «Қазақ 
қызы»  (1960),  «Біздің  күндер»  (1971),  Нәжми  Қауидің  «Көктем  желі» 
(1952),  Хусни  Фатихтың  «жаяудың  соқпағы»  (1960)  романдары,  Жалил 
Мұсаның  «Жырларым»  (1955),  «Соғады  жүректері»(1966),  И.Салаховтың 
«Көкшетау  жырлары»  (1961)  жинақтары,  Ш.Усмановтың  «Торғай 
даласында»  (1972)  повестер  мен  әңгімелер  жинағы,  Исанбет  Нәкидің 
«Мұса Жалил» (1962) трагедиясы т.б. шығармалары аударылған. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет