Әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік педагогиканың ерекшеліктері
|
Әлеуметтік жұмыс
|
Әлеуметтік педагогика
|
Мақсаты
|
Әлеуметтік қорғау,
Әлеуметтік көмек,
Әлеуметтік қолдау,
Әлеуметтік қызмет көрсету
|
Әлеуметтік-педагогикалық бағалау (сараптама),
әлеуметтік даму, әлеуметтік тәрбие, оларды түзету және оңалту, түзеу және қайта тәрбиелеу
|
Жұмыс объектісі
|
Әлеуметтік проблемасы бар және оны өзі шеше алмайтын адам
|
Тәрбиенің әлеуметтік
тапсырысын жүзеге асыру
Адамды, топты белсенді ету, жұмылдыру
Әлеуметтік-педагогикалық көмекті қажетсінетін адам
Әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау, бағалау (сараптама)
|
Нысана
|
Материалдық көмек көрсету, адамды әлеуметтік қорғау, кеңес беру үдерісі, ерекше мұқтаждығы бар адамға әлеуметтік қызмет көрсету үдерісі
|
Әлеуметтік-педагогикалық даму, тәрбиелеу, түзеу немесе оңалту үдерісі
әлеуметтік педагогикалық болжам жасау бағалау әдістері мен әдістемесі (сараптама)
|
Әлеуметтік педагог өз қызметінде әлеуметтік жұмыстар проблемаларын жиі шешеді. Олай етпеген жағдайда әлеуметтік педагогикалық қызметтің ұтымдылығына қол жеткізу мүлдем қиын. Мысалы, балада мазмұны жағынан әлеуметтік қызметкер шешуге тиісті проблема туындаса, әлеуметтік педагог та оны дербес шешуге құқылы.
Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогика қайсыбір жағдайларда өзара түйісіп, ұштасуы, қайсыбірінде ұштаспауы мүмкін. Олар өз мақсаттарын өз әдістері және құралдары арқылы іске асырады. Нақ сондықтан, оған әлеуметтік жұмыстар функциялары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |