Балалардың тәртібі, іс-қимылдары. Бұл баланың әлеуметтік мәдени әлемінің көрінісі. Бірітіндеп есейе келе, кейбіреулері әдетке және оның сипаттарының біріне айналады немесе жойылады. Бұл факт баланың әлеуметтік қалыптасуында өте маңызды рөл атқарады. Осы факт баланың өзіндік ерекшелігін көре білу қажеттігін көрсетеді, оның субмәдениетінің келешектегі өзгерісін түсінуді, оның динамикасын болжауды және оған мақсатты педагогикалық ықпалды анықтауды білдіреді. Ең маңыздысы балаға алдын-ала жас ерекшелігіне және дамуына сәйкес келмейтін талап қоймау және бір орында тұрып қалмау (балаға тәне қасиеттерді сақтау және әлеуметтік дамуын тежеу).
Сонымен, баланың әлеуметтік мәдени сипатының әлеуметтік- педагогикалық негіздеріне қарастырдық.
2 Баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік өмірінің көрінісіндегі ерекшеліктері және оны есепке алу қажеттігі
Бала дамуы жағынан өз қатарластарынан алда болуы мүмкін, бұл оның әлеуметтік мәдени әлемінен көрінеді. Баланың дамуын тежеудің қажеті жоқ, оның жеке бас ерекшелігіне қарай оны белсендіруге түрткі тудыруға болады. Ең маңыздысы баланың әлеуметтік мәдениетін дамытатын орта жасай білу керек. Кейде бала өзінің дамуында кешеуілдеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда оның дамуын қалыптастыру жолдарын ойластыру керек. Бұндай іс-әрекеттер әр баланың дамуына және тежелуінің себептеріне (ортаға, тәрбиеге) байланысты жасалады. Әр кезеңде баланың әлеуметтік мәдени дамуы мен тәрбиесіне ерекше қатынас құру қажет. Баланың әлеуметтік мәдени дамуына әсер ететін факторлар мыналар:
баланың әлеуметтік мәдени әлемін қалыптастыруға түрткі тудыруға мақсатты іс-әрекет ету;
баланың зияттық-шығармашылық іс-әрекетіне өз тарапынан күш жұмсауы.
Баланың «жас ерекшелік» (игерген) мәдениеті - ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрдің, баланың өмір сүрген және дамыған, тәрбиеленген ортасындағы субмәдениетінің нәтижесі.
Әр жас кезеңіне лайық субмәдениеттің өзіндік қалыптасуы мен көрінісі орын алады. Мысалы, американ психологы Г.Эриксон жеткіншектік кезеңде өзіндіксана қалыптасуындағы типтік шиеленістерді бөліп көрсетеді, олар соған сай субмәдениетті және жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу нәтижесін сипаттайды:
1) уақытша келешек немесе уақыттың нақты сезінбеу;
2) өзіне деген сенім немесе ұяңдық;
3) түрлі рөлдерді тәжірибеден өткізу немесе бір рөлде ғана тұрақтау;
4) шәкірттік немесе еңбек әрекетінің тоқталуы;
5) жыныстық полярлылық немесе екіжыныстылық бағдар;
6) көшбасшылық/ бірізділік қатынас немесе анықталмаған бедел;
7) идеологиялық сенім немесе құндылықтар жүйесінің нақтылығының болмауы.
Ата-аналар, ересектер, құрбы-құрдастар – бұлар мәдениет иелері және оны таратушылар, олардың арасындағы өзара қатынас барысында баланың да әлеуметтік әлемі қалыптасады және дамиды. Баланың баламен әрекеттесуі бір-біріне еліктеудің маңызды факторы (бастауы) және оның әлеуметтік дамуына мейілінше ықпал етеді. Матео Вежио (1406-1458), итальян гуманисті балалар көбінесе үлгімен тәрбиеленеді, оларды жағымсыз мінезді жолдастарынан және теріс қоғамнан сақтау қажет деп жазған еді. Соған орай, халық даналығы «Досың кім, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген.
Баланың өзге адамдармен араласуы, олармен қарым-қатынас құра білуі, оның табиғи формасын көрсетеді. Апғашындағы қарым-қатынас – «бала - ата-ана» арасында қалыптасады. Міне осы тұста ересек адамның мәдениеті мен баланың әлеуметтік әлемінің өзара байланысы жүзеге асады. Әсіресе, баланың анасымен жағымды әлеуметтік байланысының арқасында, бала мәдениетінің дамуын байқауға болады. Анасы оның тірегіне, қорғаушысына айналады, оның барлық қажеттерін орындайды, сөйтіп оның әлеуметтік дамуы мен мәдениеті қалыптасады. Бала есейе келе өзгелермен өзінің қызығушылығына орай қарым-қатынас жасайды. Оны ең әуелі балалар мен өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауы қызықтырады. Балалардың арасында олардың ортақ қызығушылықтары анықталады, бірін-бірі түсінеді және ортақ ынтығулары білінеді. Онан кейінгі кезеңде баланың ересектерге деген қызығушылығы төмендейді. Оның түрлі себептері бар, ең біріншісі өзара түсіністіктің бүлінуі – «ұрпақтар шиеленісі», «әке мен бала» арасында туындайтын мәңгілік мәселелер. Сонымен қатар өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға қызығушылығы арта түседі, олардың қауымдастығына кіру, жеткіншектер мен жастарға тән сипатта болады.