Білім беру жүйесінің міндеттері мен үздiксiз бiлiм беру жүйесі
Республикамыздың білім беру жүйесі белгіленген заңдар негі- зінде іске асырылады. Білім беру ұйымдарының барлық түрі мем- лекеттік білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын орындауы тиіс. Жалпы алғанда, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушыны жан-жақты дамыта отырып, оның ғылыми көзқарасын, білім, білік, дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар кәсіби бі-
ліктілігін, құндылықтарын жетілдіру. Аталмыш мақсатқа сай бі- лім беру жүйесінің төмендегідей міндеттерін атап көрсеуге болады:
– оқу жоспары мен бағдарламаларының жүзеге асырылуына жағдай жасау;
– білім алушылардың танымдық-қызығушылық, рухани жә- не психо-физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің негізін қалыптастыру, ақыл-ойының дамуына мүмкіндіктер беру;
– өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілік негізінде мемлекетті, оның рәміздерін және халықтың дәстүрлерін құрметтеуге баулу;
– еліміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өміріне сана- лы көзқарасын қалыптастыру және белсенділігін арттыру;
– халқымыздың тарихын білу; барлық мәдени іс-шараларға атсалысу; толеранттыққа тәрбиелеу; шет тілдерін меңгеру;
– білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өзі басқару құ- қығын, сонымен қатар оны демократияландыруды жетілдіру;
– оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білімді ақпарат- тандыру, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу; коммуни- кативтік білім беруді дамыту;
– жоғары және орта кәсіби оқу орындарында қоғам сұраны- сын қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, қайта даярлау;
– жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
– білім беру ұйымдарының түрлі кадрларының қарқынды да- муына көмектесу.
ҚР бiлiм беру жүйесi Заң бойынша бiлiм беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегi мемлекеттiк бiлiм бе- ру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негiзiнде құрылды. Бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi мiндетi ретiнде бiлiм алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсiби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғы- лым мен техниканың жетiстiктерi негiзiнде қарастыруға қажеттi жағдай жасау көзделдi.
Халыққа бiлiм беру iсi нақтылы бiр жүйемен жүргiзiледi. Бiлiм беру жүйесi мынадай құрылымнан тұрады:
– үйелмендiк тәрбие;
– мектеп жасына дейiнгi тәрбие;
– жалпы орта бiлiм;
– мектептен тыс тәрбие мен оқыту;
– кәсiптiк-техникалық бiлiм;
– орта арнаулы бiлiм;
– жоғары бiлiм;
– арнаулы бiлiм мекемелерi;
– жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм;
– мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;
– қосымша бiлiм.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативтi құжаттардың бiрi
– бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары. Солардың негiзiнде жалпы және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары жасалады. Стан- дарттар бiлiм беру мекемелерiнiң барлық түрiне мiндеттi болып саналатын және бiлiм беру iсiнiң әрбiр деңгейiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқы- ту жүктемелерiнiң көлемiн, бiлiм сапасын тексеретiн мемле- кеттiк бақылау орындарының ережелерiн, оқу бағдарламалары- ның орындалғанын дәлелдейтiн құжаттарды анықтайды.
Бiлiм беру iсiн басқару мемлекеттiк-қоғамдық сипатта болады. Дүниежүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне кiру және халықаралық байла- ныс елiмiзде бiлiм жүйесiн жасауға мүмкiндiк туғызады. Маман даярлау мен бiлiм мазмұнын анықтау және ондағы мiндеттердi жүзеге асыру мақсатындағы педагогикалық процестi ұйымдасты- ру жұмыстарында әлемдiк тәжiрибелер енгiзiлiп, қолдау табуда. Жастардың дүниетанымы мен жеке басын қалыптастыруда мем- лекетаралық келiсiмшарттар жасасу негiзiнде кадрлар алмасу мен студент жастардың тәжiрибе алмасуы кеңiнен орын алып келедi. Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасында жастарға бiлiм бе-
ру мәселесiне мемлекеттiк тараптан аса үлкен мән берiлiп келедi. Оған дәлел Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту- дың 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылдың 11 қазан айындағы Жарлығы. Онда «ҚР-да бiлiм берудi дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданып, бүгiнгi мемлекетiмiздегi бiлiм берудiң мақсат-мiндеттерi және нақтылы мақсатты iс-шараларды жүзеге асырудың мерзiмдерi көрсетiлiп берiлдi. Онда бiлiм берудiң мақсаты: «Адам ресурстарын даяр- лау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негiзiнде
көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту», – деп көр- сетiлген. Бағдарлама мазмұнында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, орта бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм бе- ру, жоғары бiлiм беру, жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру меке- мелерiнде сапалы бiлiм берудi жүзеге асыру жолдары қарасты- рылған. Қорыта келе, Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру- дi белгiлi бiр жүйемен жоспарлау және жүзеге асыру бiлiмнiң сатылы және сабақтастықта дамуын қамтамасыз етедi; Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудiң жүйесi заман ағымына қарай ха- лықаралық талаптарға сай үнемi өзгерiп, толықтырылып, реттелiп отырады; Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi белгiлi бiр заңға және принциптерге негiзделiп жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |