К. Ж. Қожахметова



бет34/103
Дата11.10.2024
өлшемі0,62 Mb.
#147789
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Байланысты:
Педагогика

ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ



  1. тақырып

Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие


Мақсаты: тәрбиенiң тұтас педагогикалық процесс ретiнде және қазiргi қо- ғамдық даму кезеңiндегi мәнiн ашу.
Жоспары:

    1. Тәрбиенің мәні мен сипаты.

    2. Тәрбие процесі және оның ерекшеліктері.

    3. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.

Негiзгi ұғымдар: тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие мәні, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.
    1. Тәрбиенің мәні мен сипаты


Тәрбие, білім беру, оқыту – ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы жағдайлар. Сон- дықтан да философтар, психологтар адамның жан дүниесін тәр- биелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу арақатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас өр- биді. Тәрбиелік қатынас – өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды. 1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында:


«Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ба- ланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру»,
– деп анықтама берілген, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатынасуымен даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адам- ды қалыптастырудың жүйелі процесі», – деген анықтама береді. Қазіргі заманда жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін, кон-

85


цептуалдық жолдарын және формаларын іздестіру керектігі қо- ғам талабы. Қазіргі тәрбие туралы тұжырымдамалар жалпы ада- ми құндылықтар мен барлық салалардағы әрекеттің өркениетті формаларына сүйенгенімен, өзіндік тұрғыдан ерекшеленеді. Бар- лық тұжырымдамаларда:
– гуманизм идеясын;
– тәрбиені мәдени контексте жүзеге асыруды;
– ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;
– тәрбиені отбасында қайта қарауды;
– индивидуалдылықты дамытуды және қолдауды;
– тәрбие әдістерін және оны ұйымдастыру формаларының икемділігі мен альтернативаларын есепке ала отырып, жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.
Гуманистік тұрғыда білім беру мекемелерінде жеке адам тұл- ғасына қарай шешуші қадам жасайды, ол өзіндік даму процесі барысында педагогтар жүзеге асыратын индивидтен алшақ абст- рактілі жоспарлар мен бағдарламалар жасайтын құрал ретінде емес, субъектісіне айналды. Мұндай мекемелерде әрбір адамның индивидуалды өмір мақсаттарын, талаптары мен мүдделерін жо- ғары санайды, өз дамуында өзін тану үшін жағдайлар жасайды. Мұндай оқу орындарындағы оқытушылар шәкіртті болашақ өмірге дайындап қана қоймай, дамып келе жатқан тұлғаның пси- хикалық ерекшеліктеріне сәйкес әр өсу кезеңінің жақсы өмір сү- руін қамтамасыз етеді.
Бұдан бірнеше жыл бұрын иллюзия болған: мемлекеттің тез демократизациялануы көптеген өркениетті мемлекеттердегідей экономиканың және мәдениеттің, соның ішінде білім мен тәрбие- нің де жоғарғы деңгейге көтерілуі қамтамасыз етілуде.
Мемлекет мәдениеті мен байлығы бір критериймен, яғни тәр- биеге байланысты өзгере де, өлшене де алады. Тәрбиелеуде отба- сы, мектеп, орта жетекші рөл атқарады.
Әрине, сабақ үстінде әр оқытушы шәкірттің жоғарғы рухани ұмтылыстарын көрсету үшін көп нәрсе жасай алады. Егер де от- басы, қоршаған әлеуметтік шындық сабақтағы өткенді дәлелдесе, ал үлкендермен қарым-қатынас адами қасиеттерді бекітсе, онда оқу орындарының тәрбиесіне осы да жеткілікті болар еді. Деген- мен оқу орындарынан тыс ортаның жағдайы, моральдық прин- циптердің жоғалуы адамның рухани дүниесіндегі қажеттіліктерді өтемейді. Еркін нарық ұрлық, пара беру, ұйымдасқан қылмыстық

сияқты рецидивтермен көрінеді. Кәсіпкерліктің артында шеткі эгоизм престижі түсініледі, мақсатқа барлық тәсілмен жету заң- дылығы дәлелденеді, ақиқаттық, әділеттілік емес, қандай жол- мен алынса да байлық, ақша, «әдемі өмір» алдыңғы қатарға шы- ғу қаупі бар. Жақсылық пен зұлымдық арасындағы шекараның жойылуы кезеңінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың алдында өз жауапкершілігін түсінетін үлкендердің қоғамы оларды өзін тану кезінде қолдаусыз және жәрдемсіз қалдырмаулары тиіс.


Ұстаз, ата-ана, кез келген ересек адам рухани бағыт беруші міндетін өзіне арта отырып, мәселені шешуге маманды аралас- тыруы қажеттілік болып отыр. Ол – педагог-психолог мамандар. Балалардың өз қабілеттері мен таланттарын әрі қарай дамыту мүддесі мен дайындығы сияқты факторды ескермеу мүмкін емес. Әрине, бұл фактор отбасы және оқу орындары тәрбиесінің нәти- жесінде қалыптасады. Дегенмен ол қоғам мәдениетінің әсер етуі
нәтижесінде пайда болады.
Енді қазіргі кездегі тәрбиенің қолданылып жүрген бірнеше әдісіне тоқталып өтелік.
Тәрбие жалпы адами құндылықтарға сүйенеді (бұл бағдарла- маның негізін салушылардың бірі В.А. Караковский). Тәрбиеде негізгі құндылықтарды айырып көрсету: Жер – барлық тірінің ортақ үйі, отбасы – өз ұрпақтарын тәрбиелейді, туған жер – әр адамның Отаны, физикалық (ой) рухани еңбегі, білім құндылы- ғы, мәдениет құндылығы, бейбітшілік құндылығы, адам құнды- лығы – мұның барлығы әлемде адамға бағытталған.
Тәрбиелеудің гуманистік және демократиялық сипаты: өзара әрекеттесу идеясы бірін-бірі түсінуді, бір-бірін сыйлауды, оқыту- шы бала тұлғасына бағытталу тұрғысынан келуді түсінеді.
Мәдениеттанулық әдіс тәрбиені мәдениетті игеру процесі тұр- ғысынан қарастырады. Мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жо- ғарғы деңгейі. Мәдениет көрсеткіштері: білімді пайдалана алу, дүниетаным қалыптасуының деңгейі. Өркениетті адам әлемі – мә- дениет әлемі, мәдениетті ұрпақтарға қалдыру тәжірибесі, адам- ның шығармашылық белсенділігі. Мектепте оқушылар мәдениет- тің негізін игерулері керек, яғни білім мәдениетінің гармониясы, шығармашылық әрекеттер мәдениеті, сезім мәдениеті. Ал жоға- ры оқу орындарында кеңейтіліп, дамытылады. Білім мәдениеті: білімдерді қабылдау қабілеттілігі, білімді пайдалану, материал мен жұмыс жасау қабілеттілігі. Шығармашылық әрекеттер мә-

дениеті: алған білімдердің негізінде жаңаны құру. Қатынас және сезім мәдениеті: бір нәрсеге адекватты жауап беру, өзін-өзі ұстай алу, сезімдерін білдіру, жанжалсыз қатынасқа түсу қабілеттілігі.


Қазіргі таңда педагогикалық концепцияның әдіснамалық не- гізі ретінде философиялық ілімді бөліп қарастырып жүр. Соның ішінде: прагматизм, экзистенциализм, неопозитивизм, диалекти- калық материализм және т.б. Педагогика ғылымы туралы психо- логиялық тұлғаның даму теориясының негізінде: бихевиоризм, Я.С. Выготскийдің мәдени-тарихи мектебі, К. Роджерстің гума- нистік психологиясын айтуға болады. ХХ ғасырда дамыған ел- дерде тәрбие концепциясының саяси-әлеуметтік, гуманитарлық бағдарламалары пайда бола бастады. Мұндай бағдарламаларға: коммуникативтік тәрбие, өмір сүру үшін берілетін тәрбие, саяси- мәдени тәрбие, т.б.
Білім беру тарихында және антикалық кезеңнен бастап педа- гогика теориясында шығармашылықпен, қандай да бір ойшыл- дың, педагогтың есімімен байланысты тәрбиенің жалпы кон- цепциясы қалыптасады. М. Платонның әлеуметтік-педагогика- лық утопиясы, Я.А. Коменскийдің жалпы тәрбие туралы ілімі, Ж.Ж. Руссоның бостандық тәрбиесі, И. Гербардтың, К.Д. Ушинс- кийдің, Дж. Дьюидің, А.С. Макаренконың педагогикалық жүйесі. Неміс маманы Ф.В. Крон тәрбиенің 6 критерийін бөліп көр-
сетеді.
– тәрбие – өзіне тән мәжбүрлеу ретінде (Платон);
– тәрбие – балаға өмірде көмек беру ретінде (Песталоцци);
– тәрбие – баланың еркін дамуы үшін жағдай жасау ретінде (Руссо);
– тәрбие – қадағалау және басқару ретінде (Гербарт);
– тәрбие – тәжірибені және ересектер тарапынан жетекшілік ретінде;
– тәрбие – берілген нормалардың өнімі (бихевиоризм).
Көріп отырғанымыздай, тәрбие концепциясы философиялық- әлеуметтік және психологиялық ілімдерден бұрынғы және қазіргі педагогтардың авторлық мектептеріне дейін бірнеше деңгейлер- ден тұрады. Авторлық метептер дегеніміз – педагогтың немесе мұғалімдер ұжымының жеке идеялары мен тұтас концепциялары жүзеге асырылатын мекемелер.
Қазіргі тәрбиеде ұстанатын идея – күш көрсетпеу идеясы. Яғ- ни бұл – адамның жалпы әлемге, табиғатқа, тірі нәрсенің бәріне,

басқа адамдарға жақсылық пен зұлымдық позициясынан қатына- сын сипаттайтын этикалық түсініктер.


Күш көрсету – белгілі пайданы иемдену мақсатындағы бір топ адамның екіншіге күш қолдануы. Біздің түсінігіміздегі күш көр- сетпеу – саяси, экономикалық, эстетикалық, этикалық және жеке- лік проблемаларды және жанжалдарды шешуші әдіс ретінде күш қолдануды жоққа шығаратын, адам мен оның өмір сүру құндылы- ғын қабылдау негізінде жатқан идеологиялық этикалық принцип. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан бұл тұжырымдама педагогика мен психологияның гуманистік теорияларында көрі- ніс тапты. Көбінесе, мұнда К.Н. Вентцель, А. Маслоу, К. Роджерс, Ж.-Ж. Руссо, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, Ш. Амонашви-
ли, т.б. көзқарастары көрініс береді.
Күш көрсетпеу концепциясы педагогикада «бостандық» түсі- нігімен байланысты. Гуманистік бағыттағы педагогикада бостан- дық ұғымы негізгі болып табылады. Бостандық – баланың өзіндік іс-әрекеті. Тұлға дамуындағы биологиялық приоритеттерден шы- ғатын еркін тәрбиелеу өкілдері осы позицияны ұстанады. Мысал ретінде М. Монтессориді келтіруге болады. Оның тұжырымдама- сы бойынша баланың еркін көріністеріне мектеп мүмкіндік беру керек. Ұстаз бала қызметіне араласпауы тиіс. М. Монтессори ойын- ша, кедергі жасамаған жағдайда тәрбиенің барлық сипаты, бостан- дық әрекеті және жеке шығармашылық еңбегі көрініс береді.
Бостандық саналы түрде таңдау жасауды білдіреді. Қазіргі за- мандық гуманистік педагогика мен психология бостандық таңдау жасау мүмкіндігі деген ұғымға негізделеді. К. Роджерс бойынша оған тек өзін тыңдаған, өзін қабылдау, басқалардың ойына емес өз тәжірибесіне бағдар алу, сонымен қатар басқаларды түсініп қа- былдаған кезде жетуге болады.
Сонымен, бостандық мәселесін әртүрлі тәсілдерді сараптау ба- рысында бұл ұғымның педагогика ғылымында вариативті болып ке- летіні көрінеді, авторлардың бастапқы концепцияларын дәлелдейді.
Бұл жерде күш көрсетпеуге байланысты өзара шарттас екі блокты көрсетуге болады:

  1. Өсіп келе жатқан ұрпақта күш көрсетпеу рухын тәрбиелеу- мен байланысты мәселелер, оларға төмендегідей бағытты жатқы- зуға болады:

– табиғатқа және барлық тірілерге қатынасы;
адамдарға, соның ішінде өзіне гумандық қатынас, тұлғаара-

лық және жекелік жанжалдарды зорлықсыз жолдармен шешу қа- білеттілігі, басқа адамды қабылдау мен түсіну қабілеттілігін да- мыту.



  1. Білім беру және тәрбиелеу процесінің гуманизациясы, үл- кендер мен балалардың өзара қатынасымен байланысты мәсе- лелер:

– үлкендер мен балалар қатынасы жүйесінің әртүрлі дең- гейдегі білім беру орындарындағы жұмыс жасау формалары мен әдістерінің гуманизациясы;
– күш көрсетпеу идеясының негізінде жасалған педагогика- лық қызметтің жаңа формалары мен әдістерін жасау және ендіру;
– орта маманданған және жоғары оқу орындарында келешек педагогтарды дайындауды реформалау.
Екінші топтағы мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек. Егер педагогиканың өзі авторитарлы позицияларды ұстанатын бол- са, балада күш көрсетпеу қатынасын тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан оқу-тәрбие процесінің өзі гуманизацияланған болу керек.
Жоғары педагогикалық білім беру сапасын көтерудің жаңа жолдарын іздестіру, қазіргі жүйені әлемдік педагогикалық тәжі- рибеге интеграциялау жоғары педагогикалық мектепті білім бе- рудің көпдеңгейлі жүйесіне өту қажеттілігіне алып келді. Оның қазіргіден ерекшелігі – педагогикалық білім беруде адам қалып- тастырушы және мәдениет танытушы функциялардың қайта жа- сақталуы.
Көпдеңгейлік жүйеге өту кезінде пайда болатын осы және бас- қа да проблемаларды шешудің тұтастық тәсілі педагогикалық бі- лім берудің жаңа философиясын жасауды көздейді. Оның негізін- де адамның тұтас образы жатыр.
Тұлға мәдениеті – тұлғаға жалпы адамдық ұлттық мәдениет- пен гармонияда өмір сүруге мүмкіндік беретін сипаттардың жиынтығы (білім, қасиет, әдет, ойлағанға жету әдістері, құнды- лықтық бағдарлар).
Қоғам дамуының әр кезеңі, әр уақыты тұлға мәдениетінің маз- мұнына жаңа, өз акценттерін енгізеді. Адамда өзіне әлеуметтік және биологиялық индивидуалдылық ретінде адекватты қаты- насты қалыптастыру маңыздырақ.
Өзін анықтаушылық, мендікті, позициялық анықтаушылық- ты, оны жүзеге асыру бағдарламасын көздейді. Бұл механизмнің

жүзеге асуын қамтамасыз ететін негізгі шарт, өзін анықтау сфе- раларының болуы. Мұндай сфера төртеу – адам, қоғам, табиғат және адам қызметінің интерацияланған өнімдері. Тәрбие адам- ның өзімен гармониясын басқа адамдармен, қоғаммен, таби- ғатпен, адам қызметімен гармониясы арқылы қамтамасыз етуі керек.


Жоғарыда айтып өткендей, ғұлама ойшыл әл-Фараби «Бақыт- қа жету жолында» деген еңбегінде: «Тәрбие деп халықтардың бойына білімге негізделген, этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз», – деп өзіндік тұрғыдан пайымдаған. Яғни жан- жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейтін және қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәй- кес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Өткен ға- сырдың алғашқы ширегінің өзінде Ж. Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ана- ның тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды заман- дас, жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі», – деп жазған болатын.
Жоғары оқу орындарында білім беру процесінде барлық тәр- бие түрлері практикада іске асырылады, әсіресе кәсіби білім бе- ретін университеттерден нақты тәжірибесін көруге болады. Оқу жоспарында пән блоктары негізінде тәрбие түрлері мамандық бойынша берілген:
– адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок);
– ақыл-ой, экологиялық тәрбие (табиғи ғылыми блок);
– еңбек тәрбиесі, тәжірибе кезінде, аудиторияда, сонымен қа- тар өзіндік жұмыс орындаған кезінде.
Тәрбие әдісін жіктеген кезде үш үлкен топқа бөлуге болады:
– студенттердің дүниеге көзқарасы және құндылық бағдарын тұжырымдау әдістері;
– ынталандыру әдістері;
– жеке адамның шығармашылық икемділігінің дамуы және оның сапасын арттыру әдістері.
Тәрбиелеушілік әдістер педагогикалық қарым-қатынас жа- саудағы білім берудің белсенділік әдістері (семинар-дискуссия, контекстік білім, оқыту мәселелері және т.б.) студенттердің қызы- ғушылығын арттыру және құнды шешімдер қабылдау барысын- да іске асырылады. Тәрбиелеуде педагогтар үлкен рөл атқарады.

Тәрбиеші білім беру барысында тәрбиенің төмендегідей артық- шылықтарын анықтай алады:


– жеке адамның қоғамдық ортадағы адамдарға гуманистік құндылық бағдарының қалыптасуы;
– демократизм және толеранттық қатынасы;
– ұлттық санасы мен ұлттық ойының ерекшелігі;
– жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігі.
Ал бұл жеке адамды тәрбиелеуде басшы қызмет атқаратын қа- сиеттер жиынтығы. Тәрбие түрінің қайсысында болмасын, тәр- биелеуші бұл қасиеттердің қалыптасуына ерекше мән береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет