Бiлiм мен тәрбие iсiнде өзiн-өзi ұйымдастыру
Шәкiрттiң атқарған iсi мен әрекетiн, берген жауабын талдауды, бағалауды мұғалiм шешедi.
|
Шәкiрт өзiнiң iс-әрекетiн, сондай-ақ жеке оқушылар мен ұжымдық атқарыл- ған жұмыстарға өздерi талдау берiп, тұжырым жасауға үйретiледi.
|
Оқу мекемесінде атқарылған жұмыс- тардың қай түрiне болсын баға бе- ретiн оқытушылар. Мұндай iстен оқу- шылар сырт қалады.
|
Атқарылған жұмыстың барлық түрiне талдау жасап, баға беретiн оқушылар- дың өздерi.
|
Оқушылар ұжымына басшылық жа- сау көбiне әмiршiлдiк жүйеде жүр- гiзiледi.
|
Ұжымдық атқарылған iске оқушылар өзiндiк тұрғыдан талдап, ынтымақтас- тық қарым-қатынасты жетiлдiруге мән берiледi.
|
Бұл келтiрiп отырған салыстырмалы кесте – жел сөзбен желiктiретiн ұран емес, болашақ маманның оқыту, бiлiм беру, тәр- бие саласындағы дәстүрлi жолдың өмiршең өрнектердi жаңа тех- нологияның ертеңгi iзгi бағыттарымен үйлесiмдi қолдана алуына жол нұсқайтын бағдар.
Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының педагогикалық негiздерi оқыту әдiстерi мен тәрбие құралдарының бiр арнада тоғысуы, сондай-ақ педагогикалық-психологиялық болмыстың бiлім беру, тәрбиелеу процесiн ұйымдастырудың әдiстемелiк жол-жосығын меңгеру және оны жүзеге асыру болып табылады. Оқыту процесiн айқындауда пайдаланылатын әдiстемелiк жүйе және адами мүмкiндiктердiң өзара ықпалдастығын ескеретiн тиiмдi амалдарды қолдана бiлу тұтастығы. Осы орайдан оқыту технологиясының негiзi мақсатты бағдардағы мазмұнның жүзе- ге асу заңдылықтары мен оқыту әдiстемелерi оны ұйымдастыра бiлуге, тиiстi нәтижеге жетуге құрылады.
Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
В.Ф. Шаталов дәстүрлі класс – сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын жасап практикаға енгізген.
В.Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті таным-
дықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігіне, сезіміне, күштері мен қабілеттеріне сенімділікті нығайта түсуге мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдістері оқушылардың ер- кін іс-әрекетіне мүмкіншілік береді. Олардың ішінде мәселелік, ойын түріндегі (іскерлік, рөлдік), пікірсайыс, сұхбат, дөңгелек үс- тел, ми шабуылы, т.б. оқыту түрлері қолданылуда.
Белсенді әдістерге компьютерлік оқыту формаларын қолдана- тын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистан- циялық технологиялар ақпараттық технологиялар алдағы жүз- жылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.
Дистанциялық оқыту жүйесі университеттердің ғылыми жә- не білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға, жинаған тәжірибесін ақпараттық оқыту түрлерін жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.
Дистанциялық оқыту (ДО) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.
Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу ұстаз іс- әрекеті объектісінің идеалдық моделі – нақтылы оқу – тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалау өлшеу әдістемесін меңгеру – іс-әрекет объектісінің теориясын нақтылы процестің өзгерту жағдайын тұтасымен немесе оның аяқталған формасын, ситуациясын модельдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс-әрекеттерінің алгоритмі).
Жалпы, оқытудың типтерін, түрлерін, стильдерін (яғни техно- логияларын) таңдап алу білім беру саласы, білім беру парадигма- сы, дидактикалық концепциялар, оқыту теориясы, оқытудың мақ- саттары мен міндеттері, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншілік- тері, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |