тақырып
Оқытудың педагогикалық технологиялары
Мақсаты: педагогикалық технологиялар туралы тұтас білімді қалыптасты- ру және күнделікті оқыту технологиясының жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттау.
Жоспары:
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға не- гізгі сипаттамалар.
Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары.
Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология, біртұтас педаго- гикалық процесс, инновациялық мектептер, сабақ, творчество (шығарма- шылық), шығармашылық іс-әрекет, мұғалімнің шеберлігі.
Технологиялар туралы ұғымдар.
Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Дәстүрлі педагогикада «оқыту технологиясы» қазіргі таңда жалпы қабылданған түсінік болып табылмайды. Бірақ та дәстүрлі оқу процесінде оқытудың дәстүрлі технологиялары қолданылуда және қолданыла бермек.
В. Дальдің түсіндірме сөздігінен «технология – техника ғылы- мы. Техника – өнер, білім, істей білу, жұмыс тәсілдері және оны іске асыру» деген анықтамасын таба аламыз.
Ал ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың барлық процесін анықтау мен қолдану, жүйелі құру әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар оқыту технологиясы техникалық және адамзаттық ресурстар мен олардың өзара қызметін есепке ала отырып білім алуды да қарастырады.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – бұл оқу мәліметтерін өз- герту мен ұсыну, өңдеу құралдары мен әдістерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, қажетті ақпараттық немесе техникалық құрал- дарды пайдалана отырып, оқытушының студентке әсер ету тәсіл- дері туралы ғылым.
Оқыту технологиясы маңызды және процессуалды сипаттама- лардың белгілі бір жиынтығымен анықталады, сондықтан білім- ді ақпараттандыру түсінігін кеңейту және оқыту процесін жүйелі талдау мен жобалауға бағытталған.
Оқыту технологиясына берілген: «оқыту технологиясы – көз- деген мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдістері мен құралдарының, формаларының жүйесін ұсынатын, оқыту бағдарламаларында қарастырылған оқытудың мазмұнын тарату тәсілі» анықтамасы көңілге қонымды. Сонымен, оқы- ту технологиясында оқыту құралдары, тәсілдері және мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты. Оқытушының педагогикалық ше- берлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құрал- дарды пайдалана білуінде.
Белгілі бір педагогикалық технологияны жасау процесін педа- гогикалық жобалау деп атауға болады. Оның төмендегідей ретті- лігі бар:
– оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында қарастырылған оқытудың мазмұнын таңдап алу;
– оқытушының назар аударуын қажет ететін приоритетті мақ- саттарды таңдап алу. Жобаланған пәнді оқыту процесінде студент- тің қандай кәсіби және жеке қасиеттері қалыптасатынын анықтау;
– басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағыт- талған технологияларды таңдау;
– оқыту технологияларын жасау.
Оқыту процесі құрамындағы технологиялардың орнын төмен- дегі кестеден көруге болады.
Оқыту процесі құрылымындағы технологиялардың орны
ОТҚ
Мұндағы:
ОІС – оқытушылық іс-әрекеттің субъектісі; ОҚС – оқу қызметінің субъектісі;
ОТҚ – оқытудың техникалық құралдары.
Оқыту технологиясының мазмұны оқу және кәсіби дағды мен іскерлікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқушыға берілген тапсырмалар жиынтығының, оқу мәліметтерінің құрылымының, жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұнына сай болады. Бұл жерде оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары ең маңызды рөл атқарады. Ұйымдастыру формалары студенттердің білімді, дағдылары мен іскерлікті жаулап алуларына, оқу көлеміне деген қатынастарына, берілген тапсырманы бекітуге арналған бақылау түрлеріне бағытталған.
Жалпы алғанда, оқыту технологиясының нақты классифика- циясы жоқ, бірақ екі түсінік қалыптасқан: дәстүрлі және инно-
вациялық. А.Я. Савельев (жоғары білім берудің ҒЗИ) білім беру технологиясының келесі классификациясын ұсынады:
– қызметтің бағыты бойынша (оқушылар, студенттер, оқыту- шылар және т.б.);
– оқыту мақсаты бойынша;
– пәннің түрлері бойынша (гуманитарлық, жаратылыстану, тех- никалық пәндер, т.б.);
– қолданылатын техникалық құралдары бойынша (аудиокөру, компьютерлік, видеокомпьютерлік және т.б.);
– оқу процесін ұйымдастыру бойынша (жекеше, ұжымдық, аралас);
– әдістемелік тапсырмалар бойынша (бір пәннің технологиясы, құралдары, әдісі).
Өзіміз көріп отырғандай, бұл топтамада оқытудың техноло- гиясы мазмұндалады. Ал оқу процесін ұйымдастыру формала- рын, бақылау түрлерін таңдауға, пәндердің мазмұнын құруға ке- летін болсақ, педагогикалық жобалауды модульдік оқыту мыса- лында қарастырғаны дұрыс.
Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сан- дық және сапалық параметрлері бойынша әртүрлі болып келеді. Оқу курсы үшін базалық білімдер таңдалып алынады; курстың қолданбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасала- ды, яғни мамандандыру курстары; сонымен қатар орындалатын оқу тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім
– курсты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы.
Оқыту технологиясын жобалау пәннің мазмұнын, оқу проце- сін ұйымдастыру формаларын, оқыту құралдары мен әдістерін таңдауды жобалау болып табылады. Оқыту – тұлғаның ақыл- ойын дамытып, танымдық дағды қалыптастырып, адамгерші- лікке негізделген имандылық тәлімдерін бойына сіңіру. Оқыту, біріншіден, ұстаздың бағдарлы мақсат көздеп жүзеге асыратын қызметі болса, екіншіден, шәкіртке білім, тәрбие беріп, оларды ой еңбегіне, өмірге үйлесімді практикалық іске баулып, қабілетін ұштап, шығармашылық ізденіске бейімделуіне жол ашатын күр- делі педагогикалық процесс.
Оқыту технологиясының педагогикалық негiздерi – бiлiмдi ала бiлуге тәрбиелеп, ақыл-ойдың қабiлетiн дамытып, тұлғаның ада- ми негiзде қалыптасуына ықпал етiп, оның iлгерi жетiлуіне бағ-
дар берумен қатар тұлғаның өздiгiнен iздене бiлу қажеттiгiн ту- ғызу жолдарын айқындау болып табылады. Ал таным қабiлетiнiң дамуы оқушының объективтiк дүниенi, шындықты танып бiлу- ге тиянақты бiлiм алуы оқытудың әдiстерi мен түрлерiн амал- тәсiлдерiн жетiлдiрумен шарттас.
Процесс адам баласының іс-әрекетіндегі қозғалыс, тиісті нә- тижеге жету жолындағы талпыныс болғандықтан ол алуан түр- лі әрекеттерді бір-бірінен бөлмей тұтастықта қарастырады. Осы орайдан келгенде оқыту процесін басқару, оның жүйесі мен құ- рылымын және негізгі заңдылықтарын білу ағарту саласында қызмет атқаратын мұғалімдер үшін басты шарт болып табылады. Өйткені білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамдағы заңдылықтар мен құбылыстарды тану, ұғыну. Ал бі- лімді жеке адамның иігілігіне айналдыру үшін, оны танып, ойла- ну кезінде талдап, салыстырып, жіктеп, жинақтап, синтездеу ке- рек. Былайша айтқанда, ойлау операциясының заңдылықтарына сүйену талап етіледі.
Оқыту – тұлғаның дамып, қалыптасуындағы басты құрал. Бі- лімнің ойға қонып, бойға даруы оқытушының басшылығымен жоспарлы бағытта, жүйелі түрде жүргізген іс-әрекетінің нәтиже- сінде орындалса, шәкірттің оны ынталы қабылдап, ықыласпен орындауы негізінде өзінің мақсатына жетіп жүзеге асады. Олай болса, оқыту – педагогикалық процестің құрамдас бөлімі. Өйтке- ні шәкіртті тәрбиелеп, білім беріп, оларды өркендетудің мағына- лы да мәнді болуы оны ұйымдастыра білуге, жүйелі түрде жүр- гізуге, тиісті заңдылықтарды сақтап негізгі принциптерді тиімді пайдалана білу екендігі, бұлардың өзара ықпалдастығын айқын- дайды. Бұларды бір-бірінен бөлмей тұтастықта қарау оқыту ісі- нің табысты да, нәтижелі болуына игі ықпал етеді және кепілдік береді. Демек, оқытуды білімдендіруден, тәрбиеден және тұлға- ның дамып өркендеуінен бөліп тастауға келмейтін, бір-бірімен тұтас байланысқан құрамдас бөлімі деп танимыз.
Оқыту технологиясында сабақтың негiзгi мақсаты оның сырт- қы түрiнде немесе атауында емес, оқушының сапалы жұмыс iстеп, тиiстi мәселенiң сыр-сипатын ұғынып, түсiнiкпен еңбектенiп өздiгiнен iздене бiлудiң жолын ашу. Оқытушының басшылығы- мен сабақтан бастау алған iс-әрекеттiң шығармашылыққа ұласуы оқушының мүмкiншiлiгiне орай дербестiгiн дамытуға машықтан- дыру дағдысын қалыптастыруды сабақтың әр кезеңiнде ескеру ке-
рек. Бұл оқушының ақыл-ойын, қабiлетiн, iскерлiк әрекетiн өзiндiк iзденуге жаттықтыруда үнемi назарда болатын заңдылық.
Болашақ ұстаз оқу орындарында жүргiзетiн пәндерiне байла- нысты арнайы әдістеме курсын өтетiндiктен жеке пәндiк әдiсте- меге тән мәселелерге уақыт бөлмей-ақ, мұғалiмнiң сабаққа әзiрлiгi, сабақ жоспары, бақылау мен бағалау және оны есепке алу туралы мына мәселелерге зейiн қойғаны жөн.
Оқу жоспарында көрсетiлген сағат санына лайықтап, пәндiк оқу бағдарламасын басшылыққа алып тұтас оқу жылына немесе жарты жылға арнап күнтізбелік жоспар жасау – пән оқытушысы- ның басты мiндетi. Жұмыс жоспары бойынша өтiлетiн тақырып- тар оқушы меңгеретiн теориялық бiлiм және олар игеруге тиiстi практикалық дағды мен жаттығу жолдары, шәкiрттiң өздiгiнен атқаратын iс-әрекеттерi қоса қамтылуға тиiс. Сондай-ақ әдiсте- мелiк пән секциясымен келiсе отырып, пайдаланатын негiзгi оқу- лықтар мен оқу құралдарын белгiлеу де артық емес. Мемлекеттiк стандарт жүйесiндегi бiлiмдi толық қамтамасыз ету басты шарт деп санасақ, оқытушының шығармашылық iзденiсi мен өзiндiк тағылымдық өнегелiк табыстары негiзгi талаптарға үйлестiрiле жүргiзiледi. Демек, оқытушы шығармашылығына ешбiр шектеу қойылмайды, қайта мемлекеттiк талапты жүзеге асыруға игiлiктi ықпал ететiн қозғаушы күш ретiнде пәрмендi мазмұнға ие болады. Оқытушының тиiстi тақырып бойынша өткiзетiн сабақ жоспа- рында оқушыға берiлетiн бiлiмнiң деңгейi, бiлiмдiк көлем, оның сапасы, iскерлiк пен меңгеретiн дағды және шәкiрттiң бойына тиянақты қалыптастыратын жаттығу жолдары мен олардың өз
бетiмен атқаратын жұмыстың түрлерi де көрсетiлгенi жөн.
Жоспарлауды және оның жүзеге асуын қамтамасыз етуде ұсы- натын басты бағдар оқушының жаттанды түрдегi iс-әрекетпен шектелiп қалмай, мәселеге өзiндiк таным-түсiнiк қалыптастыру- ға машықтандырылуы тиiс.
Әрбiр сабақ өзiнiң нәтижесiмен айқындалады. Осы орайдан оқушының үлгерiмiн бағалауда назарда болатын басты талап:
Оқушының сабақ бойынша жетiстiгiн және олқы жақтары мен кемшiлiгiн көрсету нақты дәлел арқылы сипатталсын.
Баға әдiлеттi болып, орынсыз көтермелеуге, әдейi төменде- туге немесе ымырашылдық жасауға мүлде болмайды.
Әрбiр баға тек бiлiмдi есепке алумен шектелмейдi, оның тәлiм-тәрбиелiк мәнi бар құрал екендiгiн ұмытпа.
Бағаның тәрбиелiк сипаты үшiн оны жазалаудың жолына айналдыруға болмайды.
Бағалауды сабақтың қай кезеңiнде болсын жүргiзу оқушының ынта-ықыласына әсер ететiндiктен, оны тиiмдi пайдаланған орынды.
Бағалауды оқушының өзiн-өзiне сынатып және өзара баға- лаудың мәнi зор.
Бiлiмдiк, тәлiм-тәрбиелiк нәтиженi айқындай түсуде тек ауызша ғана емес, жазбаша, тест түрiнде де бағалау тиiмдi бола- тын кездерi аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: |