К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурег. Жүйкелік глиялар турлері



бет150/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

73 - сурег. Жүйкелік глиялар турлері. 
а - протоплазмалық астроциттер, б - талшыкты астроциттер, в — 
олигодендроглиоциттер, г — микроглиялар (макрофагтар).
Талшықты астроцитгердің мөлдір цитоплазмасында диаметрі 8 -9 нм 

көптеген


жіңішке

жіпшелер


(фибриллалар) 
кездеседі.
Талшықты 
астроглиоциттер денелерінен 30 - 40 ұзын жіңішке өсіңділер шығады.
Талшықты астроциттер орталық жүйке жүйесінің ақзатыңда, жұйке 
талшықтарының аралығында орналасып, тіректік қызмет атқарумен қатар,
мүшелердің қан тамырлары маңы мен сыртқы бетіндегі шекаралық 
жарғатгарды түзуге қатысады.
Олигодендроциттер өсінділері аз, пішіні əр түрлі келген жасушалар.
Олар жүйке жүйесінің орталық жəне шеткі бөлімдеріне орналасып, нейроцит 
денелері мен жүйке талшыктарының қабықтарын (неврилеммаларды,
леммоциттерді) құрауға жəне олардағы зат алмасуға қатысады.


Микроглиялар немесе глиялық макрофагтар — ішкі орта ұлпасының
маманданған макрофагтары. Глиялық макрофагтар — өсінділі тармақты ұсақ 
жасушалар. Олардың хроматинге бай ядроларының пішіні əр түрлі болып
келеді. Микроглиялар жалганаяқтарымен қозғалып, жүйке ұлпасына сырттан 
түскен бөгде заттарды немесе қызметін тоқтатып істен шыққан жүйке
ұлпасының құрылымдарын қармап жояды. Бұлар фагоцитозды іс жүзше 
асыру арқылы жүйке жүйесі мүшелері мен ұлпаларында қорғаныс қызметін
атқарады. Глиялық макрофагтар - мезенхимадан жетілген моноциттер 
туындылары.
Жүйке талшықтары 

Жүйке талшықтары — сыртынан олигодендроциттерден құралған
қабықпен қапталған нейроциттер өсінділері (дендриттер, акеондар). Жүйке 
талшығының ортасындағы нейроциттің өсіндісін — біліктік цилиндр, ал
оны сыртынан қаптап жататын олигодендроциттік қабықты нейролемма 

146
(леммоциттерден тұрады) — деп атайды. Жүйке талшықтары жүйке 


толқындарын (импульстерін) өткізу арқылы жүйке жүйесінің орталық


мүшелерін сезім жəне орындаушы мүшелермен байланыстырады. Жүйке 
талшықтары құрылыс ерекшеліктеріне байланысты: миелинсіз (үлпексіз)
жəне миелинді (үлпекті) болып екі түрге бөлінеді. Миелинсіз жүйке 
талшықтары негізінен ми мен жұлынның сұр затының жəне вегетативті
жүйке жүйесінің құрамына, ал миелинді жүйке талшықтары ми мен 
жұлынның ақ затының жəне сомалық (дене мүшелері қызметтерін реттейді)
жүйке жүйесінің құрылымдық құрамына кіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет