К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет152/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

неврилемма (жүйке талшығының қабығы) — деп аталады. Шын мəнінде,
миелинді қабық пен неврилемма (бұрынғы Шванн қабығы) біліктік 
цилиндрдің сыртында бір қабатта орналасқан нейролеммоциттердің
(олигодендроглия жасушалары) бөліктері: миелин қабығы леммоциттердің 
тығызжанаса
қабаттасқан 
плазмолеммаларынан
(мезаксоннан), 
ал
неврилемма нейролеммоциттердің цитоплазмасы мен ядроларынан түзілген. 

Көрші екі леммоциттердің шекарасында миелин қабығы тым жұқарады да,


жүйке талшығы осы жерде жіңішкеріп, түйінді үзілме (Ранвье үзілмесі) 
пайда болады. Қатар жатқан екі түйінді үзілме аралығындағы миелинді
жүйке талшығының жуан бөлігін түйінаралық сегмент (бөлік) — деп атайды. 
Əр бір түйінаралық сегмент — жеке нейролеммоцит, олардың шекаралары —
түйінді үзілме. Мезаксон оралымдарының түзілуі кезінде, қиғаш оралымдар 
аралығындағы плазмолеммалар қуыстарында тым аз мөлшерде цитоплазма
бөліктері қалып қояды. Осы қиғаш орналасқан ақшыл түсті бөліктер - миелин 
қабақг арының түйінаралық сегменттерінде əр жерде қиғаш кертік тəрізді
көрінеді. Бұларды миелин кертіктері (Лантерман кертігі) — деп атайды. 
Біліктік цилиндрдің өзі нейролеммадан, оның куысындағы нейроплазмадан
жəне ұзынынан бойлай жатқан нейрофиламенттер мен нейро түтікшелерден, 
цитоплазмадағы органеллалардан құралған. Жүйке талшықтары бір-бірімен
борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысып, жүйкелерді 
құрайды. Əр бір жүйке талшығын сыртынан қаптаған негіздік жарғақ, оны
қоршаған дəнекер ұлпасынан бөліп тұрады. 
75 — сурет. Миелиңді (үлпекті) жүйке талшыш (осмий қышқылымен боялған) 
1 ~ біліктік цилиндр, 2 - нейролеммоцит, 3 ~ миелинді қабық, 4 - дəнекер ұлпасы, 5 - 
миелин кертігі, 6 - түйінді үзілме.


Жүйке ұштары 


Жүйке ұштары — нейроциттер өсінділерінің, яғни жүйке талшықтары 
соңғы тармақтарының организмнің басқа мүшелер ұлпаларымен (ет
жасушалары, ет талшықтары, эпителий жасушалары, бездер жасушалары 
т.б.) жанасып аяқталатын ұштары. Қызметіне байланысты жүйке ұштары:
сезімтал (рецепторлы немесе афферентті), қозғалтқыш (эффекторлы немесе 
эфферентті) жəне нейроциттер аралық байланыстардың соңғы аппараттары
болып үш топқа бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет