18
Арнайы бояуларды тек гистологиялық препараттардағы белгілі бір
құрылымдарды ғана анықтау үшін пайдаланады. Мысалы, судан — III (қара)
жəне
осмий
қышқылының
(қызғылт-сары)
көмегімен
ұлпалардағы,
жасушалардағы липидтерді (май жəне май тəрізді заттар), пикрофуксин
арқылы эпителий, ет жəне дəнекер ұлпаларының құрылымдарын, ал азур - 2
жəне эозинмен дəнекер ұлпалары мен қанның жасушаларын ажыратып
анықтайды.
Импрегнация — адам мен жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен
жасушалары құрамындагы кейбір құрылымдарды ауыр металдар тұздарының
(күміс, осмий, алтын, қорғасын т.б.) көмегімен анықтау əдісі. Мысалы,
мүшелер кесіктеріндегі жүйке жасушаларының, жүйке талшықгарының,
жүйке ұштары мен жүйкелік глиялардың микрокұрылымдарын азотты
қышқыл күміс тұзымен өңдеу арқылы анық көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: