19
зерттеулер үшін, кесекшелер биосынама реұлпаде тірі организмнен немесе
жаңа сойылған денеден жедел кесіліп алынып, зерттелер мақсаттарына
сəйкес гистологиялық препараттан қандай химиялық құрамды анықтау керек
екендігіне байланысты мүшелер кесекшелерін өндеудің, яғни бекіту мен
бояудың тəсілдерін тандайды. Цито жəне гистохимиялық зерттеу əдістері
ұлпалар мен жасушалар құрылымдары құрамындағы зерттелуге тиісті заттар
мен осы заттарды анықтау үшін таңдалынып алынған химиялық
реактивтердің арасында жүреұлпа арнайы реакцияларға жəне
химиялық
реакциялар нəтижесінде түзілген өнімдерді арнайы бояулармен бояп
ажыратуға негізделген. Мысалы, дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) мен
рибонуклеин
ҚЬІШКЬІЛЫН
(РНҚ) Фельген жəне Эйнарсон əдістері, гликогенді
ШИК-реакциясы, тотықгыру ферменттерін нитрокөк тетразолий бояуы
арқылы анықтайды. Жануарлар ұлпалары мен жасушаларың гистохимиялық
жолмен зерттеудің тазалығын, яғни зерттеу
нысанындағы ізденістегі
заттардың бар немесе жоқ екендігін дəл анықтау үшін, сол заттарды
ыдыратуға қолданылатын ферменттік бақылау əдісін пайдаланады. Мысалы,
жоғарыда айтылған əдіспең өңделген жасушалар құрамындағы РНҚ-ны
анықтауға галлоцианин бояуын қолданады. Галлоцианин РНҚ-ны көк-көкшіл
түске бояйды. Егер гистологиялық кесіктерді, РНҚ-ны ерітіп жібереұлпа
рибонуклеаза
ферментімен алдын ала өңдеп, одан кейін галлоцианинмен
бояса, онда жасушалар құрамындағы көкшіл түс жоғалып кетеді. Бұл
құбылыс зертеу нысанындағы жасушалар құрамында РНҚ-ның бар екендігін
көрсетеді. Цитохимиялық жəне гистохимиялық зерттеулерде препараттағы
заттардың сапалық жəне сандық мөлшерлерін анықтау үшін түрлі əдістер
қолданылады.
Оларға
морфометрия,
цитоспектрофотометрия,
цитоспектрофлуорометрия, интерферрометрия əдістері қолданылып, олардан
алынған сандық (цифрлық) материалдар математикалық төсілдермен
(биометрия) өнделеді.
Достарыңызбен бөлісу: