құлақша беті (facies auricularis). Доға сызығының бойында кіші бел
бұлшық етінің төмпешігі (tuberculum m. psoas minoris) орналасады. Мықын
сүйектің денесі мен қанатының алдыңғы ішкі жиегі қосылып, үлкен
шонданай ойығын (incisura ischiadica major) түзеді.
Шат сүйек (лонная кость) — os pubis — екі: ұршықтық жəне жіктік
бұтақтардан құралған. Оның ұршықтық бұтағы (ramus acetabularis) екі
жамбас сүйектің аралығында көлденеңінен орналасып, латеральды ұшымен
ұршық шұңқырды құрауға қатысады. Бұл бұтақтың алдыңғы жиегін шат
қыры (pecten ossis pubis) — деп атайды. Шат қырының мықын сүйекке
өтетін жерін шат-мықын дөңесі (eminentia iliopubica) — дейді. Екінші
жіктік (симфиздік) бұтағы (ramus symphysialis) қарсы жақтың аттас
бұтағымен байланысып, жамбас жігін құрайды. Оң жəне сол жамбас
сүйектері шат сүйектерінің жікке біріккен жерінің алдыңғы жағында шат
төмпешігі (tuberculum pubicum) болады. Ол еркек жануарларда жақсы
жетілген.
Шонданай сүйек (седалищная кость) — os ischii — шонданай сүйек
жіктік (симфиздік) бұтақтан (ramus symphysialis) тұрады. Жалпақ келген
шонданай сүйек денесінің артқы латеральды жағында шонданай төмпегі (tuber ischiadicum) шығып тұрады. Бір-бірімен жік арқылы байланысқан оң
жəне сол шонданай сүйектерінің шонданай төмпектері аралығындағы доға
тəрізді артқы жиегі шонданай доғасы (arcus ischiadicus) - деп аталады.
Ұршықтық бұтақ сүйек денесінен краниальды бағытта шығып, ұршық
шұңқырын түзуге қатысады. Жіктік бұтақ қарсы жақтың аттас бұтағымен
байланысып, жамбас жігін құрайды. Ұршық шұңқыр мен шонданай төмпегі
аралығында кіші шонданай ойығы (incisura ischiadica minor) орналасады.
Үлкен жəне кіші шонданай ойықтары аралықтарында шонданай қыры (spina ischiadica) жатады. Шат жəне шонданай сүйектердің үршықтық жəне
жіктік бүтақгары аралығында жапқыш тесік орналасады.