К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет211/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Күйіе қайтаратын жануарлар мен шошқада тұяқ сүйектің пішіні
үшбұрышты болып келеді. Тұяқ сүйекте латеральды жəне медиальды 
бүйірлік беттер, ұлтандық жəне буындық беттері ажыратылады. Буындық
бетінің алдыңғы жиегінде жазғыш өсінді, артқы жиегінде бүккіш өсінді 
(processus flexorius) болады. Күйісті жануарларда III жəне IV бақайлар жақсы
жетілген. Шошқада II, III , IV жəне V бақайлар болады. Олардың ішінде III 
жəне IV бақайлар ұзын, II жəне V бақайлар қысқа болып келеді.

Итте тырнақ сүйектің проксимальды жағындағы буын бетінің алдыңғы
жағында жазғыш өсінді, артқы жағында бүккіш өсіңді болады. 


Бақайдың тиекше сүйектері проксимальды жəне дистальды болып
екіге бөлінеді. Проксимальды жұп тиекше сүйек жіліншік тұсамыс 
буынының, ал тақ дистальды тиекше сүйек топай-түяқ буынының артқы
жағында, бақайдың бүккіш бұлшық еттері сіңірлерінің астында орналасып, 
аталған бұлшық еттер сіңірлері үшін тиектің қызметін атқарып, олардың
жұмысын күшейтуге көмектеседі. 

194



Алдыңғы аяқ қаңкдсының сүйектері бойынша бакылау сұрақтары 

1. Шеткі қаңқаны қандай сүйектер құрайды? 


2. Алдыңғы аяқ қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
3. Иық белдеуінің қаңқасы — жауырынның құрылысы, жануарлар түрлеріне 
байланысты ерекшеліктері.
4. Еркін қозғалатын бөлімнің бөліктерін атаңыз. Оларды қандай сүйектер кұрайды? 
5. Тоқпан жіліктің құрылысы, жануарлардағы ерекшеліктері.
6. Білек сүйектері, олардың құрылысы, жануарлар түрлеріне байланысты 
ерекшеліктері.
7. Алдыңғы аяқбасы қаңқасы сүйектерін атап, жануарлар түрлеріне байланысты, 
олардың құрылыс ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
8. Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, 
оларды жаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет