К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


КАҢКА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҰТАСА БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ



бет221/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

КАҢКА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҰТАСА БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ 

Тұтаса байланыс (непрерывное соединение, или сращение) —
synarthrosis — қаңқа сүйектерінің бір-бірімен түрлі ұлпалар (тканьдер) 
арқылы
байланысын 
қамтамасыз
етеді.

Байланысқан


сүйектердің 
аралықтарында ешқандай қуыс қалмайды. Демек, сүйектераралықтарындағы
қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын ұлпалардың қасиеттеріне 
байланысты болады. Қаңқа сүйектерін байланыстыратын ұлпалардың
түрлеріне сəйкес, сүйектер тұтаса байланысының бес түрі ажыратылады: 


1. Синсаркоз (мышечное сращение) — synsarcosis — сүйектердің
бұлшық ет арқылы байланысы. Синсаркозға жауырын мен тоқпан жіліктің 
бұлшық еттер арқылы тұлға сүйектеріне байланысын жатқызуға болады.
Синсаркозды 
байланыста
сүйектераралықтарында 
ауқымды
қимыл

байқалады.



2. Синэластоз (эластическое сращение) — synelastosis — сүйектердің
серпімді (эластинді) талшықты дəнекер ұлпасы арқылы байланысы. 
Синэластозға
бассүйектің, 
мойын
омыртқаларының 

жəне
көкірек

омыртқалары жоталық өсіңділерінің озара желке, сондай-ақ, омыртқа
доғалары мен жота өсінділері аралыктарындағы эластинді байламдар арқылы 
байланысын жатқызады. Сүйектераралыктарында серпіщі қимыл байқалады.

З.Синдесмоз (соединительнотканное сращение) — syndesmosis —
сүйектердің талшықты дəнекер ұлпасы арқылы байланысы. Жануарлар 
организмінде бұндай байланыстың үш түрі кездеседі. Олар: 1. Жұқа 
талшықты жарғақ (membrana) арқылы сүйектердің байланысы. Бұған
шүйде-атлант буынындағы, құйымшақпен жамбас-сүйекаралықтарындағы 
коллаген талшықтарынан тұратын жұқа жарғақтар жатады. 2. Байлам
(ligamentum) арқылы сүйектердің өзара байланысы. Байлам тым берік 


201
коллаген талшықтары шоғырлы будаларынан кұралған сіңір. Бұған иттің кəрі 


жілігі мен шынтақ сүйегі аралығындағы сіңірді жатқызуға болады. 3. Жік


(sutura) сүйектер арасындаты тым жұқа дəнекер ұлпалық аралықтар арқылы 
олардың байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдердің жалпақ бассүйектері
аралықтарындағы 
пішіні
əр

түрлі
жұқа

жіктер
жатады.

Сүйектераралықтарындағы қимыл шектеулі болады.



4. Синхондроз (хрящевое сращение) — synchondrosis — сүйектердің
шеміршек ұлпалары арқылы байланысы. Синхондрозға омыртқа денелері мен 
төссүйек бөліктері аралықтарындағы жəне қабырғалардың төссүйекпен
байланысы жатады. Сүйектераралықтарындағы қимыл тіптен шектеулі. 


5. Синостоз (костное сращение) — synostosis — сүйектердің сүйек
ұлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бұл түріне, яғни сүйектенуге 
ересек
жануарлар 
бассүйектерінің,
құйымшақ 
омыртқаларының,
жамбассүйектерінің, кейбір тізе жəне тілерсек сүйектердің байланысы 
жатады. Сүйектераралықтарында қимыл тіптен болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет