К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


IVmapay. ЖАЛПЫ ЦИТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ



бет33/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

IVmapay. ЖАЛПЫ ЦИТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ 

Жануарлар организміндегі гистологаялық құрылымдар 

Тіршілікті анықтайтын организмнің тірі заты —протоплазма (грек. 


protos - бірінші, plasmos - плазма, қалыптасқан) сыртынан биологиялық
жарғақпен (плазмолеммамен) шектелген цитоплазмадан жəне ядродан 
турады. Тірі материя болғандықтан, протоплазмаға зат алмасу (метаболизм),
өсу, даму, тітіркенгіштік, жиырылғыштық жəне көбею сияқты қасиеттер тəн. 
Жануарлар организмдерінде протоплазманың бірнеше гистологиялық
кұрылымдық турлері кездеседі. Олар: жасушалық, бейжасушалық (жасуша 
емес) жəне жасушааралық құрылымдар. Барлық жануарлардың көпжасушалы
күрделі организмдері ұрықтанған біржасушалы ұрыктан (зиготадан) дамып 
жетіледі. Сондықтан, жасушалық құрылым жануарлар организмдері
дамуының негізін құрайды. Бірак, күрделі организмде жасушалардан басқа 
да тірі заттың кұрылымдық түрлері: бейжасушалық жəне жасушааралық
гистологиялық құрылымдар кездеседі. Бейжасушалық құрылымдар 
организмнің дамуы барысында жасушалардан жетілеұлпа туындылар, ал
жасушааралық құрылымдар жасушалардың тіршілігі нəтижесінде
түзілеұлпа өнімдер. Бейжасушалық кұрылымдарға симпласттар мен 
синцитийлер жатады. Жануарлар организмінде симпласттарға (грек, sym —
бірге; plastos — құрылым) көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының ет 
талшықтары
мен

іштөлі
жолдасы

(плацента)
беткей

қабатының


симпластотрофобласт құрылымдарын жатқызады. Организмде симпласттар 
екі турлі жолмен: жасуша цитоплазмасы бөлінбей, ал оның ядросы үздіксіз
бөліну

арқылы
көбейіп, 


көпядролы
құрылымға 
айналуы
немесе

жасушалардын бір-бірімен қосылып, шекарасыз бірігуі нəтижесінде


жасушалардан дамып жетіледі. Синцитий (грек, syn — байланыс, kytos — 
жасуша, клетка) немесе жасушалар байланысы — цитоплазмалық
өсінділері аркылы өзара шекарасыз байланысқан жасушалар топтарының 
құрылымын айтады Олар бір-бірімен цитоплазмалық өсінділері аркылы
байланыскандықтан, синцитийде цитоплазма барлық жасушаларға ортақ. 
Синцитийді аталық жыныс безіңде жүреұлпа сперматогенез процесі кезіндегі
сперматогониялардан байқауға болады. Жасушааралық кұрылымды 
(жасушааралык затты) дəнекер ұлпасындағы белоктық талшықтар (коллаген,
эластин, аргирофилді) жəне дəнекер ұлпаларындағы жасушалар мен 
талшықты құрылымдарды бір-бірімен өзара байланыстырып тұратын
пішінсіз (аморфты) негізгі зат құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет