146 — сурет. Бауыр бөлікшесінің құрылысы
1 — бауыр бөлікшесі; а — орталық вена; б — бауыр бағандары; в — гепатоцит; 2 ~
бауыр үштігі; г — бөлікшелераралық өт өзегі; д - бөлікшелераралық вена; е -
бөлікшелераралық артерия; ж — борпылдақ дəнекер ұлпасы.
Бауыр бағандарын құрайтын екі қатарда орналасқан гепатоциттер
аралығында, бөлікшенің орталығынан шетке қарай бағытталған өт
капиллярлары орналасады. Өт капиллярларының өз қабырғасы болмайды.
Олардың
қабырғаларының
қызметін
бір-бірімен
қатар
орналасып,
десмосомалар арқылы тығыз байланысқан гепатоциттер плазмолеммалары
құрайды. Плазмолеммалардың өт капиллярлары қуыстарына қараған
жағында
да
микробүрлер
болады.
Гепатоциттер
түзілген
өтті
плазмолеммалары арқылы от капиллярларының қуысына бөледі. Өт өт
капиллярлармен болікшенің шеткі жағына қарай ағады. Өт капиллярлары
болікшенің шеткі жағында бір-бірімен қосылып, болікшелераралық өт өзегін
түзеді. Өт өзегінің кдбырғасын бірқабатты текше тəрізді эпителий құрайды.
Болікшелердің ішінде дəнекер ұлпалық аралықтар болмайды. Қан
капиллярлары мен гепатоциттер қабырғалары аралықтарында жекеленген
жіңішке ретикулин талшыктары болады.
Өт қабы — өт жиналатын қуысты мүше. Ол бауырдың ішкі
висцеральды бетінде орналасады. Өт қабының қабырғасы кілегейлі, етті жəне
сірлі қабықтардан құралған. Кілегейлі қабықты ішкі бірқабатты призма
тəрізді эпителий мен сыртқы борпылдақ дəнекер ұлпалық өзіндік тақташа
қабаттары құрайды. Кілегейлі қабықта кілегейлі жəне сірлі қарапайым
түтікше бездер мен лимфа түйіншелері орналасады. Етті қабықты сақинаша
жатқан бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаты құрайды. Сірлі қабық жұқа
борпылдақ дəнекер ұлпалық қабат пен мезотелийден тұрады.
ҰЙҚЫ БЕЗІ
Ұйқы безі (поджелудочная железа) — pancreas — қосарынан қызмет
атқаратын, құрылысы мен қызметі əр түрлі екі: экзокринді жəне эндокринді
бөліктерден құралған аралас без. Сыртқы секреция безі ретінде ол құрамында
ас қорыту ферменттері (белоктарды, көмірсуларды, майды қорытатын) мол
ұйқы безі сөлін бөліп, он екі елі ішек куысына шығарады. Ал ішкі секреция
безінің қызметін ұйқы безі аралшықтарының жасушалары (инсулоциттері)
атқарады. Ұйқы безінің паренхимасы энтодермадан, стромасы мезенхимадан
300
дамиды. Ұйқы безі құрылысы жағынан құрделі көпіршікше-түтікше бездерге
жатады.
Ұйқы безі — паренхималы мүше. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі
сірлі жапырағының аралығында орналасады. Ұйқы безі оң, сол жəне
Достарыңызбен бөлісу: |