Жылқыда оң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды жəне медиальды
бөліктерге (lobus dexter lateralis et medialis), ал шошқа мен итте оң бөлікпен
қатар сол бөліқ те екіге: латеральды жəне медиальды бөліктерге — lobus
dexter et sinister lateralis et medialis — бөлінеді. Кейбір жануарлар
бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді.
Ерекшеліктері. Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі
латеральды жəне медиальды бөліктерге бөлінеді. Бауыр өзегі он екі елі
ішекке пилорустан 10-12 см қашықтықта ашылады. Бауыр құрсақ куысының
оң жағында 16 -ншы қабырғаға, ал сол жағында 7-12 -нші қабырға тұсына
дейін созылады. Ол негізінен құрсақ қуысының оң қабырғаастылық
аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына
аздап өтеді.
Күйіс қайтаратын жануарларда бауыр оң қабырғаастылық аумақта, 8 -
інші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері
нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішійдес болып келеді. Оның вентральды
ұшы бауыр жиегінен төменірек түсіп тұрады.
Шошқа бауырының оң жəне сол бөліктері өз кезегінде латеральды жəне
медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның денемен салыстырмалы мөлшері, таза
шөпқоректі жануарларға қарағанда үлкендеу болып келеді, құйрықты бөлігі
оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң қабырғаастылық аумақта, 14 -інші
қабырға тұсына дейінгі аралықта жатады. Сол қабырғаастылық аумаққа сəл
ғана өтеді.
Ит бауырының салыстырмалы мөлшері басқа жануарларға қарағанда
көлемді келеді. Оң жəне сол бөліктері латеральды жəне медиальды
бөліктерге бөлінген. Құйрықты бөлікте қосымша емізікше өсінді (processus
papillaris) болады. Бауыр оң жəне сол қабырғаастылық жəне семсерше өсінді
аумақтарында орналасады.
145 - сурет. Бауырдың құрылысы А — сиыр, Б — қой, В — жылқы, Г — шошқа 1 — құйрықты бөлік, 2 — қакдалық вена, 3 — өт өзегі, 4 — сол (латеральды бөлік), 5
— жұмыр байлам, 6 — шаршы бөлік, 7 — өт қабының өзегі, 8 — оң (латеральды) бөлік, 9
— құйрыкты бөліктің құйрық өсіндісі, 10 — бауыр қақпасы, 11 — өт қабы, 12 — сол
медиальды бөлік, 13 — оң медиальды бөлік, а — артқы куыс вена орны, б — өңеш
батыңқысы.