К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет352/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

диафрагмальды иілімнен (flexura coli diaphragmatica dorsalis) жəне

дорсальды оң бөліктен (colon dorsale dextrum) тұрады. Дорсальды жарты
ілмекгің қабырғасыңда үш қатар ет таспалары жəне үш қатар қалташалар 
болады. Пішіні қарын тəріздес кеңейген дорсальды оң бөлік, жіңішкеріп
барып, кіші тоқ ішекке өтеді. Кіші тоқ ішек (карта) ұлкен тоқ ішектің оң жəне 
сол бөліктерінің аралығыңда ұзын шажырқайға ілініп, ілмек жасай тік ішекке
өтеді.

Күйіс қайтаратын жануарлар тоқ ішектерінің пішіні оралып жатқан
дискі немесе дискі-конус тəрізді болып келеді. Ол құрсақ куысының оң 
жағында орналасады. Тоқ ішек басталған бойда проксимальды ілмек (ansa
coli proximalis) жасап, сағаттілі бойынша бір-бірмен шажырқай арқылы 
байланысқан орталыққа тепкіш (центрипетальды) оралымдар (gyri coli
centripetales) - (сиырда -1,5; қой мен ешкіде - 3 оралым) жасап, орталық 


иілім (flexura coli centralis) түзеді де, қайтадан сағат тіліне қарсы бағытталған

орталықтан тепкіш (центрифугальды) оралымдар (gyri coli centrifugales)
жасайды. Центрифугальды оралым дистальды ілмек (ansa coli distalis) түзеді 
де, тік ішекке өтеді.


150 - сурет. Жылқының ішкі мүшелері A - оң жағынан
1 — тік ішек, 2 — жамбас иілімі, 3 — бүйен, 4 — он екі елі ішек, 5 — оң бүйрек, 6 —
бауыр, 7 — көкет (диафрагма), 8 — өңеш, 9 — көкірек қолқасы, 10 — оң тақ вена, 11 — 
кеңірдек, 12 — краниальды куыс вена, 13 — жүрек, 14 — каудальды куыс вена, 15 —
үлкен тоқ ішектің дорсальды оң бөлігі, 16 - үлкен тоқ ішектің вентральды оң бөлігі, 17 — 
ащ ішек ілмектері, 18 — куық, 19 — несепағар, 20 — куықалды безі, 21 — оң көпіршікше
без. Б – сол жағынан. 1 — кеңірдек, 2 — өңеш, 3 — диафрагма, —4 — бауыр, 5 — қарын, 

304
6 — көкбауыр, 7 — сол бүйрек, 8 — кіші тоқ ішек (қарта), 9 — сол жұмыртқалык, 10 — 


сол жұмыртқа жолы (жатыр түтігі), 11 — жатырдың жалпақ байламы, 12 —- жатырдың


сол мүйізі, 13 — қынап, 14 — тік ішек, 15 - несеп-жыныстық кіреберіс. 16 — жыныс 
саңылауы, 17 - анус тесігі, 18 — куық, 19 — жамбас иілімі, 20 — үлкен ток ішектің
вентральды сол бөлігі, 21 — үлкен тоқ ішектің дорсальды сол бөлігі, 22 —ащ ішек, 23 — 
үлкен тоқ ішектің вентральды диафрагмальды бөлігі, 24 — үлкен тоқ ішектің дорсальды
диафрагмальды бөлігі, 25 — жүрек, 26 — өкпе артериясы, 27 —- көкірек қолқасы, 28 — 
жалпы иықбас баған.


Шош0ада тоқ ішектің пішіні конус тəрізді болады. Ол құрсақ куысының
алдыңғы жағының 2/3 болігін алып жатады. Тоқ ішектің ішіне қарай 
бағытталған центрипетальды оралымның қабырғасында екі қатар ет
таспалары мен қалташалар болады. Оралымдарының саны 3,5. Ол орталық 
иілім жасап, центрифугальды оралымдар түзеді де, артқа қарай иіліп, тік
ішекке айналады. Центрифугальды оралымның қабырғасы тегіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет