Ерекшеліктері. Жылқыда қаңсар болмайды. Мұрын тесігінің пішіні
жарты ай тəрізді болып келеді. Танаудың негізін танау шеміршегі түзеді. Ол
шеміршек тақташасы мен мүйізшесінен тұрады. Шеміршек тақташасы
танаудың алдыңғы қабырғасында ғана кездеседі. Танаудың бүйір бетінде
терендігі 5 - 7 см мұрын қалташасы (дивертикул) болады. Мұрын
кеуілжірлері өздерінің ішкі перделері арқылы алдыңғы жəне артқы
бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы кеуілжірдің артқы бөлімі мандай қойнауымен
жалғасып, маңдай-кеуілжір қойнауын (sinus conchofrontalis), ал вентральды
кеуілжірдің осындай бөлімі жоғарғы жақ қойнауымен жалғасып, кеуілжір-
жақ тесігін (apertura cochomaxillaris) түзеді.
Дорсальды кеуілжірдің түзу қатпары қос қатпардан құралған. Танау
қатпарының негізін S əрпі тəрізді шеміршек (cartilago sigmoidea) құрайды.
Күректіс өзегі ауыз қуысына ашылмайды. Кілегейліасты веналық өрім мұрын
пердесінде, кеуілжірлерде, əсіресе, вентральды кеуілжірде жақсы жетілген.
Сиырда қаңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Мұрын тесіктері
онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсолатеральды
шетінде танау сайы (sulcus alaris) жатады. Танаудың дорсальды қабырғасын
шеміршек тақташасы, ал вентральды қабырғасын зəкір (якорь) тəрізді
шеміршек түзеді. Дорсальды жəне вентральды бүйірлік шеміршектер бір-
бірімен жалғасып, мұрынның бүйір қабырғасының негізін құрайды.
Дорсальды кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральды кеуілжір жалпақ болып
келеді. Вентральды кеуілжір өз кезегінде ұзынша ішкі пердемен дорсальды
жəне вентральды бөлімдерге бөлінеді. Оның дорсальды бөлімі ортаңғы
мұрын жолымен, ал вентральды бөлімі вентральды мұрын жолымен
қатысады.
Ұсақ малдарда қаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғана болады.
Мұрын тесігі S əрпі пішіндес болып келеді.
Шошқа мұрнының ұшында жалпақ тұмсық (rostrum) орналасады. Оның
пішіні диск тəріздес қозғалмалы келеді. Тұмсықтың сыртқы бетінде жалпақ