К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет364/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

жалпақ тақташасы (lamina cartilaginis cricoidea) мен темен қарай оның 

иілген доғасы (arcus cartilaginis cricoidea) болғандықтан, пішіні сақинаға
ұқсайды. Шеміршек тақташасының сыртында орталық қыры, алдынғы 
жиегінде ожауша шеміршекке арналған буын беті болады. Шеміршек
доғасының латеральды бетінде қалқанша шеміршектің артқы мүйіздіктерімен 
байланысатын буын ойыстары орналасқан. Сақинаша шеміршек каудальды
бағытта кеңірдекпен жалғасады. 


Қалқанша шеміршек (щитовидный хрящ) — cartilago thyroidea -пішіні
иілген қалқанға ұқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң жəне сол 
тақташаларымен көмекейдің екі бүйірінің жəне табанының негізін құрайды.
Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы жəне артқы мүйіздіктер шығып 
тұрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіласты сүйектің үлкен мүйіздігімен, ал артқы
мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады. 


Ожауша шеміршек (черпаловидный
хрящ) — cartilago arytaenoidea — 

жұп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізінен жəне одан алға


қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тəрізді иілген мүйізше өсіндіден 
тұрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде көтеріңкі ет өсіндісі байқалады.
Ожауша шеміршектің төменгі ұшында дыбыс сіңірі мен дыбыс бұлшық еті 
бекитін дыбыс өсіндісі (processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бір-
бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті 
сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы
байланысады. 


Бөбешік шеміршек (надгортанный хрящ) — cartilago epiglottic dis —
пішіні бүгілген жапырақ тəрізді серпімді (эластинді) шеміршек. Ол көмекей 
қақпағы бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің

сабақшасы, екі бүйір жиегітіл жəне жұтқыншақ беттері болады. Бөбешік
негізі

қалқанша


шеміршектің 
алдыңғы
жиегімен 
байлам
арқылы

байланысады.


Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара буын арқылы қозғалмалы 
байланысады.
Ал

қалқанша


шеміршек 
тіласты
сүйектің 
үлкен
мүйіздіктерімен жəне бөбешікпен қасымша байламдар арқылы жалғасады. 

Сөйтіп, көмекей шеміршектері көмекей куысының шеміршектік негізін


құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет