К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Кеңірдектің қүрылысы I — кілегейлі қабық, II— кілегейліасты



бет371/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

156 — сурет. Кеңірдектің қүрылысы I — кілегейлі қабық, II— кілегейліасты 


негіз, III— талшыкты-шеміршекті қабық, IV — адвентиция. 
1 — біркдбатты көпқдтарлы кірпікшелі эпителий, 2 — кұгыша жасуша, 3 — 
кілегейлі кдбыктың өзіндік такташасы, 4 — кеңірдек бездері, 5 — шеміршеккдп, 6 —
гиалинді шеміршек, 7 — бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер шоғыры. 


157 - сурет. Сиыр өкпесінің бронхтар тарамы 

1 — кеңірдек, 2 — кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырауы (кеңірдек


бифуркациясы), 
3 — негізгі бронх, 4 — бронхтар, 5 — кеңірдектік бронх.
Ортаңғы талшықты-шеміршекті қабығын шеміршекқаппен қапталған, 

жоғарғы бос ұштары тұйықталмаған гиалинді шеміршек сақиналары түзеді.


Шеміршекқап тығыз дəнекер ұлпасынан тұрады. 
Кеңірдектің сыртқы қабығын, оның мойын бөлігінде адвентиция қабығы
құрайды. Ол борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Ал кеңірдектің көкірек 
қуысындағы бөлігінің сыртқы қабығы көкірек ортасының плеврасы (сірлі
қабық). Ол ішкі борпылдақ дəнекер ұлпалық жұқа қабаттан жəне сыртқы 
мезотелийден құралған.
ӨКПЕ 

Өкпе (легкие) — pulmones — пішіні конус тəрізді, кұрылысы қомақгы
көкірек қуысында орналасқан (оң өкпе — pulmo dexter жəне сол өкпе — 
pulmo sinister) паренхималы газ алмасу мүшесі. Көлемді келген өкпе негізі
(basis pulmones) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (apex 
pulmones) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі
немесе доғал жиегі (margo dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал 


қырлы жиегі (margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының
сол жағында жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге 
қарағанда үлкен келеді. Төменгі бөлікаралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге
бөлінеді. Сол өкпе үш бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет