К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет368/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

3. Қарынша бұлшық еті (m. ventricularis) қарынша қатпарының негізін
түзеді. Дыбыс бұлшық етімен қатарласа орналасып, бірдей қызмет атқарады. 


Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дыбыс жəне қарынша бұлшық
еттері бірігіп кеткен. 


4. Көлденең ожауша бұлшық еті (m. arytaenoideus transversus) ожауша
шеміршектірдің жоғарғы жағында көлденең орналасып, оның ет өсінділерін 
бір-бірімен жалғастырып тұрады. Дыбыс бұлшық еттерімен бірге жиырылып,
дыбыс қатпарларын босаңсытады. 


Көмекейге жалпы əсер ететін бұлшық еттер. І.Төс-қалқанша 

бұлшық еті (m. sternothyreoideus) төс тұтқасынан басталып, калқанша


316
шеміршектің тақташаларында аяқталады. Ол жұтынғаннан соң, көмекейді 


кейін тартып, дыбыс қатпарларын қатайтатын бұлшық еттерге көмектеседі.


2. Тіласты-қалқанша бұлшық еті (m. hyothyreoideus) тіласты сүйектің
үлкен мүйіздігінен басталып, қалқанша шеміршектің бүйірінде аяқталады. 
Ол жұтыну кезінде көмекейді алға тартады.

Көмекей қабырғасының гистологиялық құрылысы. Көмекейдің
қабырғасы түтікше мүше ретінде: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы 
адвентиция қабықтарынан құралған. Көмекейдің кілегейлі қабығы эпителий
қабатынан жəне өзіндік тақташадан тұрады. Оның ішкі бетін бірқабатты 
көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Тек, көмекейдің кіреберісі,
дыбыс байламы жəне көмекейдің жоғарғы артқы аймақтары кілегейлі 
қабықтарың көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Борпылдақ дəнекер
ұлпалық өзіндік тақташада эластин талшықтары көптеп кездеседі жəне 
көпіршікшеүтікше кілегейлі-сірлі бездер мен лимфа түйіншелері орналасады.
Ортаңғы талшықты-шеміршекті қабығын бөбешік, қалқанша, ожауша, 
сақинаша шеміршектер мен олардың шеміршекқаптары құрайды. Бөбешік
шеміршеп эластинді, ал қалған шеміршектер гиалинді шеміршек ұлпасынан 
түзілген. Адвентиция борпылдақ дəнекер ұлпасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет