К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Несепағардың гистологиялық құрылысы



бет390/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   607
Несепағардың гистологиялық құрылысы. Несепағар түтікше мүше
ретінде, оның қабырғасы кілегейлі, етті жəне сірлі қабықтардан құралған. 
Несепағардың ішкі кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ
ауыспалы эпителийден жəне сыртқы борпылдақ дəнекер ұлпалы өзіндік 
тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады.
Несепағардың ортаңғы етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі 
ұзынша қабат, ортаңғы сақинаша қабат жəне сыртқы ұзынша қабат. Аталған
етті қабықтың қабаттары бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен 
тұрады. Несепағардың сыртқы сірлі қабығы ішкі борпылдақ дəнекер
ұлпалық қабаттан жəне сыртқы мезотелий қабатынан (бірқабатты жалпақ 
эпителий) тұрады. Несепағардың куыққа ашылатын томенгі бөлігінің сыртқы
қабығы адвентиция (борпылдақ дəнекер ұлпасы). 


Куық (мочевой пузырь)— vesica urinaria — пішіні алмұрт тəрізді зəр
уақытша жиналатын қуысты мүше. Оның құрсақ куысына қараған бөлігін 


қуық төбесі (vertex vesicae), ұзынша келген ортаңғы бөлігін қуық денесі
(corpus vesicae) жəне жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін 


қуық мойны (cervix vesicae) — деп атайды. Іші бос қуықтың ішкі кілегейлі
қабағы қатпарланып тұрады. Копқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған 
кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі
қабықтың ішкі бетінде несепағар білеуліктері (columna ureteris), ал олардың 
қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері (ostium ureteris) көрінеді. Осы
тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар қатпарлары (plica ureterica) бір-
біріне сүйір бұрыш жасай үшкірлене жақындап, куық үшбұрышын
(trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де, 
қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде несепшығар қырын
(crista urethralis) түзеді. 
Қуықтың етті қабығының сақинаша қабаты, қуық мойнының қысқыш
етін құрайды. 
Сыртқы сірлі қабық қуықтың тек денесі мен төбесін ғана қаптайды, ал
оның мойны адвентиция қабығымен қапталған. Сірлі қабық қуықтың 
вентральды бетінен құрсақ жəне жамбас қуыстарының қабырғаларына өтіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет