К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет387/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бүйрек денешігі екі: тамырлы жəне несептік бөлікгерден тұрады.
Тамырлы болікті өкелгіш артериола, қан капиллярларының шумағы
жəне екеткіш артериола түзеді. Несептік бөлікті теменгі жағы проксимальды 
бөліммен жалғасатын нефронның жоғарғы тұйықталған қос қабатты
қапшығы құрайды. Нефрон қапшығы қан капиллярлары шумағын 
сыртынан қаптап жатады. Нефронның проксимальды белімі ирек жəне түзу
бөліктерден тұрады. Оның ирек бөлігі бүйректің қыртысты затында бүйрек 
денешігі мақында ирелендеп, бүйректің бозғылт затына қарай төмен
бағытталып, түзу бөлікке айналады. Проксимальды түзу өзекше төмендеп, 
жіңішке белім өзекшесіне ауысады. Нефрондардың 80% -ының жіңішке
балімдері қысқа болып келеді жəне олар бүйректің қыртысты аймағында 
жатады. Жіңішке бөлім ілгек жасап, қайтадан жоғары карай бұрылып
көтеріледі де, дистальды бөлімнің түзу бөлігіне ауысады. Дистальды 
бөлімнің түзу бөлігі өзінің бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне қарай
жоғары көтерілщ иректеліп, дистальды ирек бөлікке ауысады. Олар доғалық 
жинағыш түтікшелермен жалғасып, бір-бірімен қосылып, түзу жинағыш
түтікшелерге айналады. Нефрондардың 20% -ы бозғылт аймақтың маңында 
орналасып, олардың жіңішке бөлімі бозғылт аймаққа терең еніп, кері
көтеріледі. Оларды бозғылтмаңы (юкстамедулалы) нефрондары — деп 
атайды. Тузу жинағыш түтікшелер қыртысты аймақтағы бозғылт сəулелерді
түзеді. Бірнеше жинағыш түтікшелер бір-бірімен қосылып, емізікше 
өзекшелерін жасайды. Емізікше өзекшелері бүйрек тостағаншаларына
ашылады. Несеп бүйрек тостағаншаларынан, бүйрек сабақшалары арқылы 
бүйрек түбегіне, одан несепағармен қуыққа барады. Қуықтан несепшығар
өзегімен еркек жануарларда несен-жыныс өзегі, ұрғашы жанауарларда 


несеиыныс қойнауы арқылы сыртқа шығарылады.
Қан плазмасы жоғарғы қан қысымының əсерінен қан капиллярларының 
қабырғалары мен бүйрек денешігінің ішкі қабаты арқылы сүзіпіп, бүйрек
денешігінің қос қабатты қапшығы қуысына өтеді. Алғашқы несеп қан 
плазмасынан сүзілу арқылы түзіледі. Бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне
артерия қаны əкелгіш артериоламен қан капиллярлары шумағына ағып 
келеді. Капиллярлар шумағынан артерия қаны əкеткіш артериола арқылы
ағып шығады. Əкелгіш артериоланың диаметрі əкеткіш артериоланың 
диаметріне қарағанда бірнеше есе кең. Демек, қан каииллярлар шумағына


331
көп мөлшерде ағып келіп, аз мөлшерде ағып кетеді. Осыған байланысты, қан 


капиллярларының арнасында жоғары қан қысымы пайда болып, қан


суйығының қан капиллярлары ның қабырғалары арқылы сүзіліп шығуына 
ықпалын тигізеді. Оның үстіне, қан капиллярларының қабырғаларында
диаметрі 70-90 нм тесіктер болады. Капиллярлардьщ аралықтарында 
перициттер төрізді жұлдызша тамырлараралық (мезангиальды) жасушалар
болады. Олар өсінділерімен капиллярлар эндотелиоциттеріне жанасып 
жатады. Бүйрек денешігінің ішкі қабатын құрайтын тым жұқа (бірқабатты
жалпақ эпителий) эпителий жасушалары — подоциттер де, капиллярлар 
эндотелиоциттеріне сыртқы жағынан тығыз жанасып жатады. Олардың
аралықтарында тек негіздік жарғақ қана қалады. Пішіні жалпақ келген өте 
жұқа подоциттердің көптеген өсінділері болады. Подоцит денесінен
таралатын біріншілік өсінділерден (цитотрабекулалардан) көптеген ұсақ 
екінпіілік өсінділер (цитопдййлер) таралады. Əр бір подоцит өсінділерінің
жалпы ұзындығы 1-2 мкм болады. Подоциттердің өсінділері бір-бірмен 
ілгектене ілінісіп байланысып, араларында жасушааралық саңылаулары бар
күрделі сүзгі торлы құрылым түзеді. Тесікті капиллярлар эндотелийі мен 
саңылаулы тесікті подоциттер аралығында, гликопротеид пен талшыктар
торынан құралған негіздік жарғақ ғана қалады. Міне, осы эндотелийден, 
негіздік жарғактан жəне подоциттерден түзілген сүзгі тор арқылы қан
плазмасы сүзіліп, алғашқы несепке айналады да, бүйрек денешігі қуысына 
өтеді. Қалыпты жағдайда бұл сүзгі арқылы белоктардың ірі молекулалары
өтпейді, тек альбуминдер өтеді. Бүйрек денешігі қапшығының сыртқы 
қабаты
бірқабатты 
жалпақ
эпителийден 
тұрады.
Ол

нефронның


проксимальды бөлімі қабырғасына жалғасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет