332
өзекше қабырғасымен алғашқы несептен судың 85% -ы, глюкоза, керекті
электролиттер, амин қышқылдары, витаминдер кері сорьшады.
Жіңішке бөлімді проксимальды бөлімнің төмендеген түзу бөлігі түзеді.
Оның диаметрі 13-15 мкм, қабырғасын бірқабатты жалпақ эпителий құрайды.
Бұл бөлімде негізінен су кері сорылады.
Дистальды бөлімнің түзу бөлігінің диаметрі 20 - 50 мкм, қабырғасы
біркабатты текше төрізді эпителий құрайды. Ол жіңішке бөлімнің
өрлеме жалғасы. Орлеме дистальды түзу өзекше өзінің бүйрек денешігіне
қарай көтеріліп, оның маңында ирек дистальды бөлікке айналып, жинағыш
түгікшемен жалғасьш кетеді. Дистальды бөлім өзекшелерінде натрий жəне
калий тұздарының электролиттері сорылады.
Нефрон ілгегін төмендеген түзу проксимальды өзекше, жіңішке
бөлімнің төмендеген жəне өрлеме өзекшелері, дистальды бөлімнің
өрлеме өзекшесі құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: