К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет397/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

қосбөлімді жатыр (uterus bipartitus) дамиды. Бұндай жатырдың бір мойны,
денесі жəне екі мүйізі болады. Жатыр мойны қынапқа ашылады. Жатыр 
денесінің ішкі қуысында жартылай перделік болады. Осыған байланысты
жатырға "қосбөлімді" деген атақберілген. Қосбөлімді жатыр кейбір 
кеміргіштер мен қолқанатты (жарғанат) хайуанаттарға тəн.
Мюллер өзегінің жартылай бірігуінен, қосмүйізді жатыр (uterus 
bicornis) түзіледі. Бұндай жатырдың бір мойны, денесі жəне өте жақсы
жетілген екі мүйізі болады. Қосмүйізді жатыр жоғаргы плаценталы 
жануарларға тəн.
Мюллер өзектерінің толық қосылып бірігуінен, қарапайым жатыр 
(uterus simplex) дамиды. Бұндай жатырдың бір мойны, үлкен денесі болады.
Денесіне екі жұмыртқа жолы екі жағынан ашылады. Қарапайым жатыр 
приматтар мен адамға тəн.
Ұрғашы жануарларда бағыттағыш байламның артқы бөлігі құрсақ 
қуысы қабырғасымен байланысын үзіп, жатырдың жұмыр байламына
айналады. Ал оның алдыңғы жақсы жетілген бөлігі жұмыртқалықтың 


арнайы байламы — деп аталады.


341
АТАЛЫҚ КӨБЕЮ МҮШЕЛЕРІ 



Аталық көбею мүшелері (органы размножения самца) — organa
genitalia masculina — негізгі жыныс безі еннен, жыныс жолдарынан (em 
қосымшасы, шəуетжолы, несеп-жыныс өзегі) жəне көмекші мүшелерлен
(енқап, күпек) тұрады.


Ен (семенник) — testis, s. didymis, s. orchis — пішіні сопақша келген жұп
аталық жыныс безі. Ол құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады.
Енде аталық жыныс жасушалары сперматозоидтар көбейіп жетіледі жəне
аталықжыныс гормоны тестостерон түзіледі. 
166 – сурет. Бұқаның жыныс мүшелері 
1 – ен, 2 – ен қосылмашысы, 3 – еннің шап байламы, 4 – жалпы қынапты қабық, 5 – 
ұма, 6 - енбау, 7 - шəуетжолы, 8 - тамырлы қатпар
9 - шəуетжолынын кеңейген безді бөлігі (ампуласы), 10 - копіршікше без, 11 – 
қуықалды безі, 12 – баданаша безі, 13 – жыныстық қатынас мүшесі (пенис), 14 -
баданаша-кеуекті бұлшық ет, 15 -шонданай-кеуекті бұлшык ет, 16 - пенистің басы, 17 - 
күпек, 18 -краниальды жəне каудальды
күпек бұлшық еттері, 19 - шап өзегі, 20 - жыныстық аралық, 21 - жамбас 
қуысының вентральды кабырғасы.
Ен құрсак қабырғасынан пайда болған арнайы қалташа құрылым 

енқапта орналасады. Оның ен басы (extremitas capitata), ен денесі (corpus


testis), ен құйрығы (extremitas caudata) сияқты бөліктерімен қатар, ен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет