338
жануарлардың құрлыққа шығуы, олардың дене құрылысының белгілі
дəрежеде күрделенуіне əкеліп соқтырғаны баршамызға мəлім. Жануарлар
дүниесінде осы құбылыстың көбею мүшелерінің құрылысы мен пішініне
тигізген ықпалы зор болды. Біріншіден, жануарлардың ұрықтану ортасы
өзгерді. Судағы сыртқы ұрықтану организмде жүретін ішкі ұрықтануға
ауысты. Ал ішкі ұрықтану еркек жəне ұрғашы жануарлардың жыныстық
қатынасының арқасында іске асты. Бұл процестің іс жүзіне асуы өз кезегінде
жыныс мүшелері құрылысының күрделенуіне ықпалын тигізді. Ұрықтану
процесі ұрғашы жануардың жыныс жолдарында жүрді. Егер ұрық
организмнен тыс сыртқы ортада жүретін болса, онда оның дамуын
қамтамасыз ететін керекті қоректік заттар жұмыртқа жасушасында қор
ретінде жиналып, ұрықтанған жұмыртқаны кебуден сақтайтын арнайы
қабықтар түзілді. Осыған байланысты жұмыртқа салушы ұрғашы
жануарлардың жыныс мүшелері ұрықтану процесінің жүруіне жəне
жұмыртқадағы қоректік заттарды жинау мен қорғаныс қабықтарын түзуге
бейімделіп, олардың құрылысы белгілі дəрежеде күрделенді. Ал кейбір еркек
жануарларда спермийлерді аналық жыныс жолдарына енгізіп, жыныстық
қатынасты қамтамасыз ететін арнайы жыныстық мүше (пенис) дамып
жетілді. Бұндай көбею мүшелері жұмыртқа салу арқылы дамитын
бауырымен жорғалаушыларға, құстарға жəне сүтқоректілерге (үйректұмсық,
ехидна) тəн.
Ішкі ұрықтану процесінің одан əрі күрделенуі, одан пайда болған ұрық
іштөлінің аналық жыныс мүшелерінде дамуы мен өсіп жетілуі көбею
мүшелерінің құрылысындағы күрделі құрылымдардың қосымша жетілуіне
зор ықпалын тигізді. Ұрғашы сүтқоректі жануарларда жұмыртқалық пен
жұмыртқа жолдарында қосымша іштөлі өсіп жетілетін жатыр жəне
жыныстық қатынасты камтамасыз ететін қынап жəне несеп-жыныс
кіреберісі, ал еркек жануарларда ен мен шəует жолдарында қосымша несеп-
жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық мүше — пенис (қамшы,
қаса, түкі), енқап, күпек дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: