463
екі бөлімге бөлінді. Олардың аддыңғы бөлімінен ортаңғы ми дамиды. Сөйтіп,
біріншілік ми көпіршікті мига айналады. Оның алдыңғы бөлімі біріншілік
алдыңғы ми, орталық бөлімі ортаңғы ми, ал артқы бөлімі біріншілік артқы ми
- деп аталады.
Жануарлардың филогенезі мен онтогенезіндегі
мидың дамуы бір
жүйемен
жүреді.
Дамудың
келесі
кезеңдерінде
үшкөпіршікті
ми
бескөпіршікті миға ауысады. Біріншілік алдыңғы ми жұп алдыңғы жəне
тақартқы бөліктерге бөлініп, алдыңғы жұп бөліктерден соңғы ми, ал артқы
бөліктен аралық ми қалыптасады. Ортаңғы бөлімінен ортаңғы ми дамиды.
Біріншілік
артқы ми екіге болініп, оның алдынғы бөлігінен артқы ми, ал
артқы бөлігінен сопақша ми қалыптасады. Сүтқоректі жануарлардан
басқаларында артқы ми тек мишықтан ғана тұрады. Сүтқоректілерде үлкен
ми қыртысының жетілуіне байланысты,
мишықтың төменгі жағында ми
көпірі дамып қалыптасады.
Төменгі сатыдағы жануарларда аралық ми негізінен гипоталамус пен
эпиталамустан тұрады. Гипоталамуста жоғары қыртысасты вегетативті
орталықтар орналасады. Ал көру томпегі — таламус, тек сүтқоректі
жануарларда дамып жетіледі. Таламустың дамуы да, үлкен ми
қыртысының
қалыптасуына байланысты.
Сөйтіп, бескөпіршікті мидан, миға тəн оның бес тұрақта бөлімдері
дамып жетіледі. Мидың алдыңғы көпіршітінен: соңғы ми онық құрамында оң
жəне сол ми жартышарлары — үлкен ми сыңарлары. жолақты дене, иіс миы
жəне аралық ми, ортаңғы көпіршігінен: ортаңғы ми, артқы көпіршігінен:
артқы ми жəне сопақша ми дамиды. Ми көпіршіктерінің қуыстары дамып
жетілген мида: ми қарыншалары мен су құбыры өзегіне айналады. Соңғы
мида: оң жəне сол бүйірлік ми қарыншалары, аралық мида: үшінші ми
қарыншасы,
ортаңғы мида мидың су құбыры, ромбы тəрізді мида: төртінші
ми қарыншасы дамиды. Ми қарыншаларының куыстары өзара тесіктер
арқылы қатысып, төртінші ми қарыншасының қуысы жұлынның орталык
өзегімен
жалғасып, ми мен жұлындағы сүйыктың үздіксіз алмасуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: