К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет545/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ЖҰЛЫН 


Жұлын (спинной мозг) — medulla spinalis — омыртқа бағаны өзегінде
орналасқан, пішіні цилиндр тəрізді, тірі организмдегі түрлі рефлекстердің іс 
жүзіне асуын қамтамасыз ететін, құрылысы күрделі орталық жүйке жүйесінің
мүшесі. Жұлынды сыртынан үш қабық: сыртқы қатты қабық (dura mater 
spinalis), ортаңғы өрмелі немесе торлы қабық (arachnoidea spinalis), ішкі

жұмсақ қабық (ріа mater spinalis) қаптап жатады. Олардың аралықтарында
қаттыүсті (омыртқа мен қатты қабық аралығында), қаттыасты (қатты жəне 
өрмелі қабықтар аралығында) жəне өрмеліасты (өрмелі жəне жұмсақ
қабықтар 
аралығында)
жұлын

кеңістіктері


орналасады. 


Қаттыүсті 

кеңістікте (cavum epidurale) жұлынды сыртынан қоршап, қорғаныс қызметін
атқаратын борпылдақ дəнекер ұлпасы мен май ұлпасы орналасады. 


Қаттыасты кеңістікте (cavum subdurale) жəне өрмеліасты кеңістікте (cavum
subarachnoidale) жұлын сұйығы болады. Олардың ішкі беттерін эндотелий 
астарлайды. Омыртқа бағанындағы орналасу орындарына байланысты
жұлын: мойын, көкірек, бел жəне құйымшақ болімдеріне бөлінеді. Жұлын 
мен мидың щекарасы шамамен ауыз омыртқаның алдыңғы жиегі бойымен
өтеді. Жануарлар аяқтарының дамуына байланысты жұлынның мойын жəне 


бел бөлімдерінде жұлын жуандаулары (intumescentia cervicalis et lumbalis)
жетілген. Бел бөлімінен кейін жұлын сүйірленіл, жұлын конусын (conus 
medularis) түзеді. Ол одан əрі құйрыққа қарай тым жіңішкеріп, 1 -2 -нші
құйрық омыртқалары тұсында соңғы жіпке (filum terminale) айналады. 
Жулынның жоғарғы арқа жағында ұзынынан өтетін орталық дорсальды сай
(sulcus medianus dorsalis) жəне оның екі. жағындағы оң жəне сол дорсальды 


латеральды сайлар (sulci laterales dorsales) болады. Ал төменгі бетінде де,
жұлынның ұзын бойында жатқан терең орталық вентральды саңылау 
(fissura mediana ventralis) жəне оның екі бүйіріндегі оң жəне сол вентральды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет