475
жəне медиальды иіс қатпарларын (gyrus olfactorius lateralis et medialis)
сыртынан қаптай, біріншілік иіс орталығы иіс баданасын, екіншілік иіс
орталықтары иіс үшбұрышымен жəне алмұртша бөліклен байланыстырады.
Иіс үшбұрышы латеральды жəне медиальды иіс жолдарының арасында
жатады. Латеральды иіс жолы алмұртша бөлікке, ал медиальды иіс жолы жол
бойы
иісмаңы алаңын (area parolfactoria) жасап, ми жабынының медиальды
бетіне өтеді. Латеральды жəне медиальды
иіс жолдары қабылданған
тітіркеністі иіс баданаларындағы біріншілік иіс орталықгарынан, иіс
қатпарларына, иіс үшбұрыштарына, иісмаңы алаңдарына, алмұртша
бөліктердің сұр затындағы екіншілік иіс орталықгарына, одан əрі аралық ми
гипоталамусына жəне ортаңғы миға өткізеді.
Алмұртша бөліктің ішіндегі
қуысы — бүйірлік ми қарыншасының артқы жалғасы. Алмұртша бөліктің
ішкі қабырғасында аммон мүйізінің ұшы аяқталады. Алмұртша бөлікті арткы
жəне ішкі жақтарынан
гиппокамп саңылауы (fissura hippocampi) шектейді.
Гиппокамп (hippocampus) гаппокамп
саңылауы мен алмұртша бөлік
аумағындағы ми қыртысының қатпары. Гиппокамптың жоғарғы беті
жолақты дененің құйрықгы ядросынан кейінгі бүйірлік ми қарыншасының
түбін құрайды жəне ол құйрықгы ядродан бүйірлік
қарыншаның тамырлы
ерімі арқылы бөлінген. Гиппокамп ми қыртысының қатпары ретінде, төменгі
бағытта сыртқы жəне артқа карай орақ тəрізді иіліп, алмұртша бөлікпен
жалғасып кетеді. Ал оның көру төмпегінен жоғары жатқан алдыңғы ұшы —
Достарыңызбен бөлісу: