К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет567/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   563   564   565   566   567   568   569   570   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

аралас жүйкелерге жатқызады. Жұлын жүйкелерін шеттен орталыққа
бағытталған сезімтал жүйке талшықтары (жұлын ганглийлеріндегі сезімтал 
нейроциттердің аксондарынан түзілген), орталықтан шетке бағытталған
қозғалтқыш жүйке талшықтары (жұлыннның сұр заты вентральды 
мүйізіндегі қозғалтқыш нейроцитгердің аксондарынан түзілген) жəне
симпатикалық миелинді жүйке талшықтары (көкірекбел жұлын сегменттері 
сұр затының латеральды мүйіздеріндегі симпатикалық орталықтары
нейроцитгерінің аксондарынан) құрайды. Олар омыртқа өзегінен шыққан 
бойда байланыстырғыш (симпатикалык) жəне жұлын қабықтарына арналған
қайтарма 
(сомалық)
тармақтарды 
бөліп,
сұр

байланыстырғыш


(симпатикалык) тармақтарды қосып алып, содан соң, дорсальды жəне 
вентральды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған)
тармақтарға ажырайды. Дорсальды тармақтар омыртқа бағанынан жоғары 
орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буыңдар, тері, олардын
тамырлары), вентральды тармақтар омыртқа бағанынан темен жатқан дене 
бөліктерін жүйкелеңдіреді. Аталған тармақтар өз кезегіңде латеральды
(беткей орналасқан мүшелерге) жəне медиальды (терең жатқан мүшелерге) 
тармақтарға тарамдалады.
Жұлын жүйкелері омыртка бағаны бөлімдеріне сəйкес: мойын, көкірек, 
бел, құйымшақ жəне құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардын саны
мойында 8 жұп, құйрықта 5-6 жұп, қалған бөлімдерде жануарлардың 
омырткалар санына сəйкес келеді. Алдыңғы жəне артқы аяқтарды
жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінін вентральды тармақтары 
түзетін: иық, бел жəне құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.
Диафрагмальды жүйке (nervus phrenicus) V, VI, VII мойын жұлын
жүйкелерінің 
вентральды
тармақтары 
торабынан
шығып,

көкетті
жүйкелендіреді. 




Иық торабының (plexus brachialis) жүйкелері. Иық торабын: VI,
VII,VIII мойын жүйкелерінің жəне 1-2 көкірек жүйкелерінің вентральды 
тармақтары түзеді. Одан алдыңғы аяқты жүйкелендіретін төмендегідей
жүйкелер шығады: 

481





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   563   564   565   566   567   568   569   570   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет