К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


төмпешік көру талдағышының, артқы жұп төмпешік



бет557/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

төмпешік көру талдағышының, артқы жұп төмпешік есту талдағышының
қырғысасты орталықтары. Үлкен ми аяқшасы сай арқылы бөлінген екі ми 
буылтығынан тұрады. Олардың сыртқы қабаты ақ заттан құралған. Оның
өткізгіш жолдары үлкен ми қыртысы орталықтарын мидың төменгі 
бөлімдерімен жəне жұлын орталықтарымен байланыстырады. Сұр заттық
орталықтар ақ заттың орталық бөлігінде жатады. Сукұбырдың қабырғасында 
əр түрлі рефлекстерді іс жүзіне асыруға қатысатын торты құрылым
орналасады. Суқұбыр (aqueductus) аралық мидағы үшінші ми карыншасы 
куысын төртінші ми қарыншасы қуысымен жалғастырады. Ортаңғы мидан 3
-інші жəне 4 -інші ми жүйкелері шығады. 


Аралық ми (diencephalon) ортаңғы ми мен соңғы мидың аралығында
орналасып, аталған ми бөлімдерін жалғастырып тұрады. Аралык ми көру 
төмпектері — таламустан, төмпекүсті белігі — эпиталамустан жəне
төмпекасты белігі — гапоталамустан тұрады. 


Көру төмнектері (thalamus) аралық ми массасының айналасында сақина
тəрізді орналасқан үшінші ми қарыншасының (ventriculus ter-tius) екі бүйір 
қабырғасын құрайтын аралық мидың негізгі орталык бөлігі. Аралық ми
массасы оң жəне сол көру төмпектерінің бір-бірімен жалғасуы нөтижесінде 
пайда болған. Ми қарыншасының төбесін тамырлы жабын құрайды.
Сақинаша үшінші ми карыншасының алдыңғы жағы қарыншалараралық 
тесіктер арқылы соңғы ми жартышарларындағы бүйірлік қарыншалар


474
қуыстарымен, ал артқы жағы ортаңғы мидың суқұбырымен жалғасады. 


Таламустың сыртқы беті ақ заттан, ал ішкі жағы сұр заттан кұралған. Көру


төмпегінің сұр заты бір-бірінен ақзаттық аралықтармен бөлінген көптеген 
нейроциттер ядроларын түзеді. Бұлар негізінен жұлын мен мидың төменгі
бөлімдерінен келген сезімтал өткізгіш жолдарды, үлкен ми қыртысына 
баратын орталық сезімтал өткізгіш жолдарға қосатын аралық сезімтал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   553   554   555   556   557   558   559   560   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет