жататындығы анықталды. Басқа жасушалардағыдай, қан табақшалары
115
басқа
бұл
аймақта
бірнеше
митохондриялар
кездеседі.
Ал
қан
табақшаларының
шеткі
аймақтарында,
олардың
сыртқы
бетіндегі
жарғақтардың ішке қарай үңги еніп жасаған салыстырмалы кең қуысты
өзекшелерден басқа ешқандай құрылымдар көрінбейді. Қан табақшаларының
қызғылт-сұр түске боялған шеткі аймақтарын гиаломерлер (мөлдір бөлік) —
дейді. Қан табақшаларындағы тромбопластин заты қанның ұюына қатысады.
Құстардан бастап, төменгі омыртқалы жануарларда қан табақшаларының
орнында ядролы жасушалар — тромбоциттер болады. Олар — пішіні
сопақша келген үлкен ядролы жасушалар. Ядроларының сыртында аздаған
цитоплазмасы болады.
Лимфа немесе сөл (лат. lympha — таза су, ылгал) - лимфа айналым
жүйесінде үздіксіз қозғалыста болатын тірі сұйық ұлпа. Ол лимфо- плазмадан
жəне
формалы
элементтерден
тұрады.
Жасушаларының
98%
-ы
лимфоциттер, қалғандары моноциттер мен эритроциттер. Лимфоплазманың
қан плазмасынан айырмашылыш, оның құрамында белоктар аздау болады.
Олардың ішінде альбуминдер глобулиндерге қарағанда көбірек болады. Ал
ұю процесіне қатысатын фибриноген де кездеседі. Лимфоплазманы қаннан
капиллярлар қабырғалары арқылы қоршаган ұлпаларға сүзіліп шыққан ұлпа
сұйығы түзеді. Ұлпа сұйығында қалыпты жағдайда жасушалар болмайды.
Ұлпа сұйығы ұлпалардағы жасушааралық саңылаулардан, қан тамырлары
мен
жүйкелер
маңындағы
кеңістіктерден,
ішек-қарын
кілегейлі
қабықтарындағы түтік тəрізді түйық қойнаулардан, ми жəне ми
қабықтарындағы, көздегі жəне құлақтаты, буындағы, сірлі қабықтардағы,
синовиальды
қапшықтар
мен
қынаптардағы
қуыстардан
лимфа
капиллярларына өтеді. Лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып, лимфа
түйіндеріне қарай бағытталған əкелгіш лимфа тамырларын құрайды. Лимфа
капиллярлары мен əкелгіш лимфа тамырларында ағып, ұздіксіз қозғалыста
болатын ұлпа сұйығын
шеткі лимфа — деп атайды. Лимфа түйіндеріне
дейінгі шеткі лимфада жасушалар болмайды. Ол тек лимфоплазмадан
тұрады. Шеткі лимфа лимфа түйіндерінен ағып өткен кезде, оның құрамына
лимфа түйіндерінен пісіп жетілген лимфоциттер мен иммунды глобулиндер
еніп, нагыз лимфага айналады. Лимфа лимфа түйіндерінен əкеткіш лимфа
тамырларымен ағып шығып, бір-бірімен қосылады да, алдыңғы қуыс венага
барып ашылатын оң лимфа өзегі мен кокірек өзегін құрайды. Əкеткіш лимфа
тамырларындағы лимфаны
аралық лімфа, ал оң лимфа өзегі мен көкірек
өзегіндегі лимфаны
орталық лимфа-деп атайды. Аралық жəне орталық
лимфалар негізінен лимфоплазмадан жəне лимфоциттерден тұрады.
Жануарлардың əр түрлі дене бөліктерінен ағатын лимфаның құрамы біркелкі
болмайды. Мысалы, ішектен ағып шығатын лимфаның құрамында,
қорытылған май қышқылдары мен глицеринді сіңірудің нəтижесінде, 4
пайызға дейін май болады.