118
Қантүзілу процесінің келесі сатысында бір мүмкіндікті бастама
жасушалардан əр түрлі қан жасушалары даму қатарларының мамандана
бастаған бастама жасушалары — "бласттар" (оскін жасушалар) жетіледі.
Бласттардан (эритробласттар, миелобласттар, лимфобласттар, монобласттар,
мегакариобласттар) тек өз қатарының қан жасушалары дамып, пісіп жетіледі.
Мөлшері жагынан бласттар қантүзілу процесінің алдыңғы генерацияларының
жасушаларына (көп мүмкіндікті діңгекті жəне жартылай діңгекті жасушалар
мен бір мүмкіндікті бастама жасушалар) қарағанда ірілеу келеді. Жоғарыда
баяндалғандай, гемопоэз процесінің алдыңғы даму сатыларындағы көп
мүмкіндікті діңгекті жəне жартылай діңгекті жасушалар мен бір мүмкіндікті
бастама жасушалардың құрылысы кіші лимфоциттерге (диаметрі 8 мкм
дейін) ұқсас болып келеді. Ал бласттардың мөлшері 20 мкм — нен кем
болмайды. Олардың салыстырмалы үлкен ядроларының сыртқы жағында
дəншесіз солғын базофилді боялған цитоплазмасы жіңішке жиек тəрізденіп
көрінеді. Қан жасушалары қатарларының барлық бласттары құрылысы
жағынан бір-біріне ұқсас. Оларды морфологиялық жағынан бір-бірінен
ажырату өте қиын. Қан жасушалары қатарларының бұдан кейінгі даму
сатыларындағы қан жасушалары құрылысы мен сыртқы пішіні жағынан бір-
бірінен ажырай бастайды.
Эритроциттердің даму процесін
эритропоэз — деп атайды. Бұл
процесте сүйектің қызыл кемігі майындағы қанның діңгекті жасушаларынан
көп мүмкіндікті (полипотентті) жартылай діңгекті жасушалар, олардан бір
мүмкіндікті
(унипотентті)
бастама
жасушалар,
олардан
кезегімен:
эритробласттар, пронормоциттер, базофилді (цитоплазмасы көкшіл түске
боялған) нормоциттер, полихро-матофилді (цитоплазмасы көкшіл-қызғылт
түске боялған) нормоциттер, оксифилді (цитоплазмасы қызыл түске боялған)
нормоциттер, ретикулоциттер, эритроциттер дамып жетіледі. Эритро-
бласттардан бастап сүйектің қызыл кемігі майындағы жасушалардың ішінен
эритропоэз қатарларында дамып жатқан жасушаларды анық ажыратуға
болады. Эритропоэз кезінде даму сатысындағы қан жасушаларының
цитоплазмасы мен ядроларында күрделі құрылымдық өзгерістер жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: