К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет122/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   607
Борпылдақ дəнекер ұлпасы 

Борпылдақ дəнекер ұлпасы жануарлар организмінде барлық
мүшелердің құрамында кездеседі. Себебі, аталмыш ұлпа мүшелердегі барлық 
қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелердің сыртқы қабықтарын, түтікше
жəне қабатты мүшелердің дəнекер ұлпалық қабаттары мен қомақты 
мүшелердің стромасын құрайды. Əр түрлі дене мүшелерінің құрылыс
өзгешеліктеріне қарамастан, олардың құрамындағы борпылдақ дəнекер 
ұлпалары құрылысы жағынан бір-біріне тым ұқсас болып келеді. Басқа ішкі
орта ұлпалары секілді борпылдақ дəнекер ұлпасы да, жасушалардан жəне 
жасушааралық
заттардан 
тұрады.
Борпылдақ 
дəнекер
ұлпасының 
жасушалары шығу тегі бойынша əр текті (гетерогенді) болып келеді. Олар
отырықты жəне қозмалғалы болып екі топқа бөлінеді. Отырықты 
жасушаларға фибробласттар, липоциттер (адипоциттер), адвентициялық
жасушалар, тамырлар перициттері, пигментоциттер, ал қозғалмалы 
жасушаларға гистиоциттер (макрофагтар), ұлпа базофилдері (лаброциттер,
шырлы жасушалар), лимфоциттер, плазмоциттер жатады. 


Фибробласттар (лат. fibra — талшық; грек, blastos — өскін) —
борпылдақ дəнекер ұлпасы жасушааралық затының негізін құрайтын 
коллаген жəне эластин талшықтарының жіпше белоктарын, аморфты заттың
гликозамингликандарын (сульфаттанған жəне сульфаттанбаған), жарақаттың 
жазылып қалпына келуі кезіндегі жараның өңіндегі ұлпасын, денеге түскен
бөгде заттардың сыртқы оқшаулау қапшықтарын түзуге қатысатын 
жасушалар. Эмбрионды кезеңде олар мезенхимадан, ал туғаннан соң діңгекті
жасушалардан дамиды. Бүлардан дамыған жартылай діңгекті бастама 
(ізашар) жасушалардан фибробласт жасушалары қатарының бірнеше түрлері
дамып жетіледі. Оларға: шалафибробласттар, фибробласттар, фиброциттер
миофибробласттар жəне фиброкласттар жатады.
Шалафибробласттар ішінде бір ядрошығы бар ядроларының пішіні
сопақ келген, РНҚ -ға бай цитоплазмасы базофилді боялған, пішіні ұршық 
сабына ұқсаған аз өсінділі жасушалар. Гольдж кешені ядро маңыңда
орналасқан, 
митохондриялар
аздау

болады.
Гранулалы 


эндоплазмалықтордың өзекшелері тар жəне қысқа келеді. Цитоплазмада бос
полисомалар кездеседі. Шалафибробласттар митоз арқылы бөлініп көбеюге 
бейім. Бұлар белокты синтездеуге онша маманданбаған. Шалафибробласттар
негізінен гликозамингликандарды түзуге жəне оларды бөліп сыртқа 
шығаруға маманданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет