К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Пластинкалық денешік (Фатер-Пачини денешігі). Клар бойынша



бет155/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   607
76 — сурет. Пластинкалық денешік (Фатер-Пачини денешігі). Клар бойынша 
1 — сыртқы қапшық (дəнекер ұлпалық қапшык), 2 — ішкі бадана 
(глиялыққабык), жүйке талшығының сезімтал жүйке ұшы
Басқа денешіктердің құрылысы да пластинкалық денешік құрылысына 

ұқсас. Жүйке-ет ұршығы бұлшық ет талщықтарындағы сезімтал нейроциттер


дендриттерінің соңғы тармақтары. Сезімтал жүйке ұштары бұлшық ет 
талшығын сыртынан ұршық тəрізді шырмап, сыртынан дəнекер ұлпасы
қапшығымен қапталған. 


Қозғалтқыш жүйке ұштары немесе эффекторлар (лат. effector -
орындағыш, 
орындайтын,
əсер

ететін)
қозғалтқыш 


нейроциттер
аксондарының орындаушы мүшелерде (ішкі мүшелер мен қан жəне лимфа 
тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттар, бұлшық еттер,
бездер) аяқталып, олардың қызметтеріне əсер ететін соңғы ұштары. 
Эффекторлар бірыңғай салалы ет ұлпасы мен бездер паренхимасында
жалаңаш жүйке ұштары түрінде орналасады. Ал, көлденең жолақты ет 
ұлпаларында эффекторлар бұлшық ет талшықтарымен жүйке-ет синапсын
(жанасу арқылы байланыс) түзеді. Эффекторлы (қозғалтқыш) нейроцит 
аксоны ет талшықтарына жақындап келіп, сыртқы глиялық қабығынан
арылып, бірнеше соңғы тармақтарға (терминалдарға) таралады. Терминалдар 
ет талшықтарының плазмолеммасын талшық ішіне қарай ығыстыра үңгілене
еніп, ет талшығы плазмолеммасымен түйісе жанасады да, жүйке ет 


байланысып (синапсын) жасайды. Аксон терминалының нейролеммасы
аталған

синапстың


-
синапсалды 

жарғағын,


ал

ет
талшығының 


плазмолеммасы синапссоңы жарғағын түзеді. Осы екі жарғақтар


150
аралығында ені 50 нм -дей синапс саңылауы қалады. Ет талшығы 


плазмолеммасының аталған синапстағы жанасу беті көптеген қатпарлар


түзеді. Сондықтан, жүйке-ет синапсының құрылысы күрделі болып көрінеді. 
Жүйке ет синапсы қозғалтқыш түймеше (моторлы бляшка) — деп
аталады. Аксон терминалдарынан синапс арқылы ет талшықтарына өткен 
медиаторлар (ацетилхолин, адреналин, серотонин т.б.) əсерлеріне ет
талшықтары жиырылып жауап береді. Қозғалтқыш түймеше екі боліктен 
тұрады. Оның жүйке бөлігін нейроцит аксонының соңғы ұшы, ал ет болігін
бұлшық ет талшығының қозғалтқыш түймеше табаны кұрайды. Бір 
қозғалтқыш нейроцит аксонының терминалдары 2000 -ға дейін ет
талшықтарымен синапс түзеді екен. Бұндай жүйке-ет байланыстарының 
жиынтығын жүйке-ет қозғалтқыш бірлігі немесе мион— деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет