Миелинсіз жүйке талшығын біліктік цилиндр мен оны сыртынан
қаптап тұрған бір қабат нейролеммоциттер құрайды. Миелинді жүйке
талшығына қарағанда миелинсіз жүйке талшығы жіңішке болып келеді.
Миелинсіз жүйке талшықтарының орташа диаметрі 0,5-2 мкм - дей болады.
Олар жүйке толқындарын 0,6-0,8 м/сек. жылдамдықпен өткізеді. Біліктік
цилиндр (нейроциттің өсіндісі: дендрит, аксон) өте жіңішке құрылым. Ол
нейролеммамен
қапталған
нейроплазмадан
жəне
оның
ішіндегі
нейрофиламенттер мен нейротүтікшелерден құралған нейрофибриллалардан
тұрады. Біліктік цилиндрдің орташа диаметрі 15 — 40 нм тең. Бір миелинсіз
жүйке талшығының ішінде, əдетте, бірнеше біліктік цилиндр болады.
Оларды
қаптап
жатқан
леммоциттердің
плазмолеммалары
білікті
цилиндрлерді сыртынан орау кезінде бір-біріне тығыз жанасып, қабатталған
жарғақтық құрылымды құрайды. Бұл құрылым мезаксон — деп аталады.
Миелинсіз
жүйке
талшығының
сыртқы
қабығын
құрайтын
нейролеммоциттер
өте
жұқа
болғандықтан, олардың цитоплазмасы
көрінбейді. Тек, олардың ұзынша келген ядролары ғана анық көрінеді.
Нейролеммоциттердің ядролары біліктік цилиндрдің сыртында бір қатарда
орналасады.
74 — сурет. Миелинсіз (үлпектсіз) жүйке талшығы (Кахал бойынша).
Миелинді жүйке талшықтары жүйке жүйесінің сомалық бөлігінде
болады. Олардың орташа диаметрі 7-20 мкм, жүйке толқынын 100-120 м/сек.
жылдамдыкпен өткізеді. Миелинді жүйке талшығы бір біліктік цилиндрден
жəне оның сыртындағы қабықтан тұрады. Жүйке талшығының қабығын бір
қабатта орналасқан нейролем-моциттер құрайды. Нейролеммоциттер —
олигодендроглия жасушалары. Микроскоппен зерттегенде, миелинді жүйке
талшығының қабығы екі қабаттан тұратындығы анық көрінеді. Олар: ішкі
қалың — миелинді жəне сыртқы жұқа — неврилемма қабаттары. Əдетте,
аталған қабаттарды жеке қабықтар — деп санайды. Миелинді қабық бір
қабатта
орналасқан
нейролеммоциттердің
плазмолеммалары
біліктік
цилиндрді бірнеше рет орауы нəтижесінде түзілген. Сондықтан, ол бір-біріне
тығыз
қабаттасып
жатқан
нейролеммоцит
плазмолеммаларынан
(цитоплазмасыз), яғни мезаксоннан құралған. Электронды микроскоппен
қарағанда, мезаксон плазмолеммаларының Липидті (қалындығы 8 ~ 12 нм
ақшыл сызық) жəне белокты (қара сызық) қабаттардан тұратындығы
|