К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет153/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Сезімтал жүйке ұштары немесе рецепторлар (лат. receptor —
қабылдағыш, 
қабылдайтын)
сезімтал 
нейроциттер
дендриттерінің 
тітіркеністерді қабылдауға маманданған соңғы ұштары. Олар жануарлар
организмінің əр түрлі ішкі мүшелерінен жəне қоршаған сыртқы ортадан 
келетін тітіркеністер энергиясын қабылдап, жүйкелік қозуға айналдыруға


148
бейімделген. Сезімтал жүйке үштарының организмдегі орналасу орындарына 


жəне қабылданатын тітіркендіргіштер табиғатына байланысты рецепторлар:


экстерорецепторлар, проприорецепторлар жəне интерорецепторлар болып үш 
топқа бөлінеді. Экстерорецепторлар (лат. exter — сыртқы жəне рецептор)
тітіркеністерді сыртқы ортадан, проприорецепторлар (лат. proprius — өзіндік, 
меншікті жəне рецептор) тірек-қимыл аппаратынан (бұлшық еттерден, қаңқа
сүйектерінен, буындардан), интерорецепторлар (лат. interior — ішкі жəне 
рецептор) ішкі мүшелерден қабылдайды. Жануарлар денесіндегі сезімтал
жүйке үштары арнайы маманданудың нəтижесінде тек өздеріне тəн 
тітіркендіргіштер əсерлерін ғана қабылдайды. Осыған сəйкес олар:
механорецепторлар 
(механикалық
тітіркеністерді), 
терморецепторлар
(ыстық,

суықт.б.


температуралық 
тітіркеністерді),
барорецепторлар 
(қысымдық тітіркеністерді), хеморецепторлар (химиялық тітіркеністерді),
фоторецепторлар 
(жарық
сəулелерін, 
заттардың
түрі-түсін) 
болып
ажыратылады. 

Дендриттердің


соңғы

ұштарының


құрылысына 
байланысты
рецепторлар: жалаңаш сезімтал жүйке ұштары жəне қапталған сезімтал 
жүйке ұштары болып екі топқа бөлінеді.
Жалаңаш сезімтал жүйке ұштарысезімтал нейроциттер
дендриттерінің ешқандай қабықпен қапталмаған жалаңаш соңғы тармақтары. 
Олар көбіне эпителий жəне дəнекер ұлпаларында кездеседі. Аталмыш
рецепторлар, əсіресе, сиырдың жəне қойдың қаңсарлары мен жылқы ернінің 
эпидермистері
эпителиоциттерінің 
аралықтарында,
тері

түктері
фолликулдарының айналасындағы дəнекер ұлпасында көптеп орналасады. 


Жалаңаш сезімтал жүйке ұштары өздері жүйкелендіретін кұрылымдарды
сыртынан шырмай қаптап жатады. Олардың пішіндері жекеленген тармақтар, 
шумақ немесе ілмек тəрізді болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет