183
Тандай өсіндісі (processus palatinus) жоғарғы жақ сүйек денесінен
медиальды бағытта шығып, қарсы жақтағы жоғарғы жақ сүйектің аттас
өсіндісімен
жік
арқылы
байланысып,
сондай-ақ,
таңдай
сүйектің
горизонтальды тақташасымен жəне тұмсық сүйектің тандай əсіндісімен
қосылып, ауыз қуысын мұрын қуысынан ажыратып бөліп тұратын
сүйек
таңдайды (palatum osseum) құрайды. Сүйек тандай қатты тандайдың
сүйектік негізін құрайды.
Жоғарғы жақ сүйек денесінен орталық жікке қарай бағытталған тандай
өсіндісінің сыртқы бетінде, сына-таңдай шұңқырындағы артқы тандай
тесігінен (foramen palatinum caudale) басталатын
тандай өзегі (canalis
palatinus) орналасқан. Тандай өзегі ауыз қуысының төбесі — сүйек
таңдайдың төменгі бетіндегі
үлкен таңдай тесігіне (foramen palatinum majus)
ашылады. Үлкен тандай тесігі
жылқы мен
итте жоғарғы жақ сүйектің
таңдай өсіндісі мен таңдай сүйегінің горизонтальды тақташасының
шектескен жерінде,
сиыр мен
ұсақ малдарда горизонтальды тақташаның
сыртқы бетінде,
шошқада жоғарғы жақ сүйек тандай өсіндісінің каудальды
шетінде көрінеді.
Мұрын қуысының ішкі бетіндегі жоғарғы жақ сүйектің аттас екі таңдай
өсінділерінің бір-бірімен шектескен тұсында, соқаша сүйек бекитін
мұрын
Достарыңызбен бөлісу: