Желке, жотаүстілік жəне доғааралық байламдар негізінен серпімді
эластин талшықтарынан, ал қалғандары коллаген талшықтары шоғарларынан
құралған.
Желке тұяқты жануарларда арқанша жəне тақташа бөліктерден
тұрады. Арқанша бөлік — жотаүстілік байламның жалғасы. Ол көкірек
омыртқаларының жотаүстілік байламынан басталып, шүйде сүйектің
қабыршағаның желке бөлігіңде аяқталады. Тақташа бөлік желкенің арқанша
бөлігін мойын омыртқаларының жоталық өсінділерімен байланыстырады.
Итте тек арқанша бөлігі болады, ал шошқада желке жетілмеген.
108 - сурет. Сиырдың желкесі 1 — желкенің арқанша бөлігі, 2 — желкенің тақташа бөлігі, 3 — жоталық
өсінділераралық байламдар, 4 — жотаүстілік байлам.
Омыртқа бағанының буындары
1. Шүйде-атлант буыны (articulatio atlanto — occipitalis) құрылысы
қарапайым, қызметі жағынан қос білікті (шүйде айдаршықтарының пішіні
сопақ) буын. Оң жəне сол шүйде айдаршықтары мен атланттың алдыңғы
буын ойысы арасындағы буын қуыстарын жеке буын қапшықтары қаптап,
олардың аралықтарындағы дорсальды жəне вентральды кеңістіктерді жұқа
талшықты дорсальды жəне вентральды буын жарғақтары жауып тұрады.
2. Атлант-білік буыны (articulatio atlanto-axilaris) құрылысы қарапайым,
бір білікті буын. Ол атланттың каудальды буын ойысы мен білік омыртқаның
тісше өсіндісінің вентральды буын бетінің байланысуынан түзілген. Атлант
білік омыртқаның тісше өсіндісі білігі бойымен сақинашаға айналады. Буын
қапшығынан басқа, атлант пен білік омыртқа доғалары арасындағы кеңістікті
жауып тұратын дорсальды жарғағы жəне білік омыртқаның тісше өсіндісін
атланттың вентральды доғасымен байланыстыратын дорсальды байлам
болады.
Көкірек керегесі сүйектерінің байланысы
Қабырғалардың бастары мен төмпектері кокірек омыртқаларының
денелерімен жəне көлденең өсінділерімен байланысып, қабырға-омыртқа