К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


буындарын (articulatio costoertebrales) құрайды. Олар өз кезегінде қабырға



бет226/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

буындарын (articulatio costoertebrales) құрайды. Олар өз кезегінде қабырға 

бастарының буындары (articulatio capitis costae) мен қабырға-көлденең 

өсінді буындарынан (articulatio costo-transversaria) кұралады. Қабырға


205
бастарының буындары қабырғалар бастарының көкірек омыртқалары 


денелерінің қабырғалық ойыстарымен байланысуынан құралады. Қабырға-


көлденең өсінді буындарын көкірек омыртқаларының көлденең өсінділері 
мен қабырғалар төмпектерінің байланысы түзеді. Аталған буындар
құрылысы жағынан қарапайым буындарға жатады. Қабырға бастарының 
буындарында қабырғалар бастарын омыртқа ойыстарымен жалғастырып
тұратын буындар ішіндегі байламдар жəне бір омыртқаның екінші қарама-
қарсы жағындағы осындай қабырғалар бастарын бір-бірімен өзара
байланыстыратын қабырғалар бастары аралық байламдар болады. 


Күйісті жануарларда аталған буындардың пішіндері ер тəрізді болып
келедіде, қос білікті буындарға жатады. Бұл буындар жоғары-төмен жəне 
алға-артқа қозғалады.
Стернальды қабырғалар шеміршектері төссүйекпен төссүйек-қабырға 


буындарын (articulatio sterno-costales) құрайды.
Төссүйек бөліктері бір-бірімен өзара синхондроз арқылы, ал күйіс 


қайтаратын жануарлар мен шошқада төссүйек тұтқасы мен төссүйек
денесі буын арқылы байланысады. Төссүйектің ішкі бетінде байламдар 
болады.


Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы 

Жауырын мен тоқпан жілік дене тұлғасымен жəне баспен синсаркоз, 


кейбір тізе сүйектері жəне жылқыда кəрі жілік пен шынтақ сүйек синостоз
арқылы байланысады. Ал алдыңғы аяқ сүйектері өзара байланысып, 
құрылысы мен қызметі түрліше буындар түзеді. Олар: иық, шынтақ, тізе
жəне бақай буындары. 


Иық буыны (articulatio humeri) жауырынның буын ойысы мен тоқпан
жілік басынан құралған, құрылысы қарапайым, қызметі жағынан көп білікті 
(пішіні шар тəрізді) буын. Буындағы қозғалыстардың түрлері: экстенсио,
флексио, аддукцио, абдукцио, супинацио, пронацио. Жылқының иық буыны 
қапшығында буынның сыртқа, ішке, бүйірге жəне бүгілу қозғалыстарын
шектеп, буын байламдарының қызметін атқаратын қиғаш сіңірлі шоғырлар 
болады. Олар буъш қапшығының құрамында жауырын төмпегінен басталып,
дорсолатеральды жəне дорсо-медиальды бағыттарда ажырап, тоқпан жіліктің 
латеральды жəне медиальды төмпешіктеріне барып аяқталады.

Шынтақ буыны (articulatio cubiti) тоқпан жіліктің дистальды буын
шығыры мен кəрі жілік жəне шынтақ сүйектің проксимальды эпифиздерінің 
буын беттерінен түзілген, күрделі жəне бірбілікті буын. Буын қапшығының
сыртқы жағындағы екі қапталында латеральды жəңе медиальды бүйір 
байламдары (ligamentum collateralе laterale et mediale) болады. Буындағы
қозғалыстар: экстенсио жəне флексио. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет