К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ



бет222/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ 

Буынды байланыс (суставное соединение) — diarthrosis — сүйектердің
қозғалмалы байланысын қамтамасыз етіп, организмдегі түрлі қимыл 
қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Буынды кұрайтын сүйектер бастары
аралықтарындағы буын куысында қоймалжың сұйық синовия (synovia) 
болады.

Буын (сустав) — articulatio — құрылысына байланысты қарапайым
жəне күрделі болып екіге бөлінеді. Кдрапайым буынды тек екі сүйектің буын 
бастары құрайды. Олардың аралығында бір буын қуысы болады. Күрделі
буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе 
бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер, болмаса шеміршектер болады.
Сондықтан, олардың аралықтарында екі не одан да көп синовияға толған 
буын куыстары қалады.
Буындардағы қозғалыстардың түрлері буынды түзетін сүйектер 
бастарының пішініне байланысты болып келеді. Пішіні цилиндр, шығыр,
бұранда тəрізді сүйек бастары буындағы қимылдың тек бір біліктің (осьтің) 
бойымен, пішіні сопақ жəне ер тəрізді сүйек бастары екі біліктің, ал шар
тəрізді сүйек бастары үш не одан да көп біліктің бойымен қозғалуына 
мүмкіндік береді. Осыған орай, атқаратын қызметтеріне сəйкес буындар бір
білікті, қос білікті жəне көп білікті буындарға ажыратылады. Буындардағы 
қозғалыстарды бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда жүретін бірнеше топтарға
бөледі. Олар: жазылу (экстенсио) жəне бүгілу (флексио), алыстау (абдукцио) 
жəне жақындау (аддукцио). Айналу (ротацио): сыртқа айналу (супинацио)
жəне ішке айналу (пронацио) болып екі қарама-қарсы қозғалыстарға 
ажырайды.
Буынның құрылысы. Буынды сыртынан буын қапшығы (capsula
articularis) қаптап жатады. Буын қапшығы өз кезегінде екі қабат жарғақган 

202
тұрады. Олар: сыртқы — талшықты (фиброзды) жəне ішкі — синовиялы 


жарғақтар. Фиброзды жарғақ (membrana fibrosa) буынды кұрайтын сүйектер


бастарының сүйекқаптарының сыртқы фиброзды қабаттарының буындағы 
жалғасуынан түзіледі. Ол қорғаныс қызметін атқарады. Синовиялы 

жарғақты (membrana synovialis) ішкі беті буынның қоймалжың сұйығын
(синовияны) бөлетін, бір не бірнеше қабат жалпақ жасушалармен 
астарланған борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Синовиялы жарғақ қан мен
лимфа тамырларына бай. Буынның құрылысына байланысты буында бір 
немесе бірнеше буын қуысы (cavum articularis) болады. Буын қуысына
қараған сүйектердің буын беттері гиалинді буын шеміршегімен (cartilago 
articularis) қапталған. Синовия (synovia) сүйектердің шеміршекті буын
беттерін майлап, оларды қоректендіріп тұрады. Синовия құрамының 98% -ы 
су, 2% -ы белок. Буынның көмекші мүшелеріне буынның ішіндегі
шеміршек дискілер, шеміршек тегіршіктер (менискілер), буын ішіндегі жəне 
сыртындағы сіңірлі байламдар, буынның сыртындағы тиекше сүйектер
жатады. Буын қуысындағы шеміршек діскілер мен тегіршіктер, буынды 
құрайтын негізгі сүйектер бастарының бір-біріне сəйкес келмейтін буын
беттерін сəйкестендіріп үйлестіруге көмегін тигізеді. Буын ішіндегі 
байламдар сүйек бастарының берік байланысуын қамтамасыз етеді. Сыртқы
байламдар 
сүйектер
бастарын 
байланыстырумен
қатар,

буындағы


қозғалыстардың белгілі бір бағыттарда іс жүзіне асуына ат салысады. Буын 
байламдары буын қапшығы фиброзды жарғағының қалындап жуандауынан
дамып жетіледі. Тиекше сүйектер буын маңындағы сүйектер мен бұлшық 
еттер сіңірлері аралықтарында орналасып, оларға тіректік қасиет береді жəне
бұлшық еттердің жиырылу қызметтерінің іске асуына көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет