К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет249/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

5. Көкіректің тік бұлшық еті (m. rectus thoracis) екінші жəне төртінші
қабырғалар шеміршектерінен басталып, 1 -ші қабырғада аяқталады. 


Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда бұлшық ет сіңірі 5-
інші қабырға шеміршегіне дейін жетеді. 


Қызметі. Көкіректің тік бұлшық еті қабырғалар шеміршектерін алға
жəне сыртқа қарай тартып, оларды бір-бірінен ажыратып, көкірек қуысын 
кеңейтуге көмектеседі.

6. Көкет, диафрагма (diaphragma) көкірек қуысын құрсақ куысынан
бөліп тұратын, пішіні құмбез тəрізді жалпақ бұлшық ет. Оның ортасындағы 
құмбез тəрізді сіңірлі төбесі көкірек қуысына бағытталған. Шеткі бұлшық
еттік бөлігі бекитін орындарына байланысты бел, қабырға жəне төс 
бөлімдеріне бөлінеді. Бел бөлімінің бұлшық еттік ұштары оң жəне сол


223
бұлшық ет аяқшалары түрінде бел омыртқаларында аяқталады. Диафрагма 


қабырға болімінің бұлшық еттік ұшы 8 -інші қабырға шеміршегін бойлай


қабырғалардың ішкі бетінде аяқталады. Ал төс бөлімінің бұлшық еттік ұшы 
төссүйектің семсерше өсіндісінде аяқталады. Көкеттің бұлшық еттік
бөлімдері жиырылғанда, диафрагма құрсақ куысына карай күшті тартылып, 
көкірек куысын құрсақ қуысына қарай кеңейтеді
Ерекшеліктері. Көкеттің қабырғалық бөлімі жылқыда соңғы үш
кабырғаға, сиыр мен шошқада соңғы төрт қабырғаға, қой мен ешкіде соңғы 
бес қабырғаға, итте соңғы қабырғаға бекиді.

Қызметі. Көкет — ең күшті инспиратор.


Экспираторлар 
1. Дорсальды тісше экспиратор (m. serratus dorsalis expiratorius)
көкірек керегесінің артқы жоғарғы жағында орналасады. Ол бірнеше тісше ет 
таспаларынан құралған. Дорсальды тісше экспиратор соңғы көкірек
омыртқалардың 
жоталық
өсінділерінен 
басталып,
қабырғалардың 
омыртқалық ұштарының артқы жиектерінде аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет