220
Қызметі. Дененің екі жағындағы бұлшық еттер бір мезгілде
жиырылғанда, бас пен мойынды көтереді, ал бір жағы жиырылғанда аталған
мүшелерді өз жағына бұрады.
6. Көп бөлімді бұлшық еттер (m.m. multifidi)
омыртқалараралық бір
сегментті қысқа бұлшық еттер. Олар омыртқалардың көлденең жəне емізікше
өсінділерінен басталып, алдындағы көрші омыртқаның жоталық өсіндісінде
аяқталады.
7. Құйрықты көтергіш ұзын бұлшық ет (m. sacrocaudalis dorsalis
lateralis) құйымшақ қыры мен алдыңғы құйрық омыртқаларының жоталық
өсінділерінен басталып, бірнеше омыртқаларды жіберіп, олардан кейінгі
құйрық омыртқаларда аяқталатын құйрықтың дорсальды бұлшық еті.
Бұлардан басқа омыртқа
бағанының жоғарғы жағында көлденең
өсінділераралық бұлшық еттер, жоталық өсінділераралық бұлшық
еттер, бастың дорсальды тік жəне
қиғаш қысқа бұлшық еттері,
кұйрықты көтергіш қысқа бұлшық еттер болады.
Омыртқа бағанының вентральды бұлшық еттері
І.Мойынның ұзын бұлшық еті (m. longus colli) алдыңғы 5-6 көкірек
омыртқалардың денелерінен жəне соңғы мойын омыртқалардың көлденең
өсінділерінен
басталып,
соңғы
мойын
омыртқалардың
көлденең
өсінділерінде жəне алдыңғы мойын омыртқалардың вентральды қырлары
мен атланттың вентральды төмпешігінде бұлшық ет тісшелері түрінде
аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: