Ерекшеліктері. Жылқыда — тісше ет таспаларының саны — 7-8, олар
он бірінші жəне он сегізінші қабырғалар аралығында; сиырда тісше таспалар
саны — 3-4, олар оныншы жəне он үшінші қабырғалар аралығында; қой мен
ешкіде тісше таспалар саны — 5, олар төртінші жəне алтыншы қабырғалар
аралығында; шошқада — тісше таспалар саны 4-5, олар бесінші жəне
сегізінші қабырғалар аралығында; итте тісше таспалар саны — 3, олар он
бірінші жəне он үшінші қабырғалар аралығында орналасады.
Қызметі. Дорсальды тісше экспиратор тісше бұлшық ет таспалары
қабырғаларды артқа, жоғары жəне ішке қарай тартып, оларды бір-біріне
жақындату арқылы көкірек қуысын қысады.
2. Ішкі қабырғааралық бұлшық еттер (m.m. intercostales intemi)
алдыңғы қабырғалардың артқы жиектерінен басталып, артқа жəне жоғары
қарай бағытталып, кейінгі қабырғалардың алдыңғы ішкі жиектеріне бекиді.
Ішкі қабырғааралық бұлшық еттер сыртқы қабырғааралық бұлшық еттерге
кері бағытта жиырылып, қабырғаларды артқа жəне ішке қарай тартады.
Қызметі. Бұлшық еттер қабырғаларды артқа жəне ішке қарай тартып,
оларды бір-біріне жақындатып, көкірек қуысын қысып тарылтады.
З.Бел-қабырға бұлшық еті (m. lumbocostalis s. т. retractor costae) бел
омыртқалардың көлденең өсінділерінен басталып, соңғы қабырғаның артқы
жиегінде аяқталады.
Қызметі. Бұлшық ет қабырғаларды артқы жаққа қарай тартып, көкірек
қуысын қысады. Сондықтан, бұл бұлшық ет "қабырғалары кері тартқыш
бұлшық ет" (қабырғалар ретракторы) — деп те аталады.
4.Көкіректің көлденең бұлшық еті (m. transversus thoracis) төссүйектің
дорсальды
бетіндегі
орталық